Әлеуметтік педагог жұмысының есебі » Көктал-арасан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктал-арасан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 39-2-83
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әлеуметтік педагог жұмысының есебі
"Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы
01
декабрь
2023
"Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы
"Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы аясында мектебіміздегі әлеуметтік осал топқа жататын отбасы балаларына қысқы куртка берілді.  Сонымен қоса, интернат тәрбиеленушілеріне еңбек сабағына арнайы киімдер табысталды.
" Тәуекел тобы" оқушыларының тұрмыстық жағдайы
09
февраль
2023
" Тәуекел тобы" оқушыларының тұрмыстық жағдайы
 Педагог психолог  Е.Қыстаубаев ,әлеуметтік  педаог А.Құрманжанова, интернат меңгерушісі Е.Айтақынов  құрамында «Тәуекел тобы»  оқушыларының үйлерін аралау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында   оқушының тұрғылықты  мекен- жайына барып ,тұрмыстық жағдайын анықтап   оқушының  бөлмесі ,төсек жайының санитарлық жағдайын ,сабаққа дайындалуға жағдай жасалуын  анықтап қайттық. Сонымен қатар ата-аналарымен  әңгімелер жүргізілді.
Қайырымдылық акциясы
09
февраль
2023
Қайырымдылық акциясы
Мектебімізде қайырымдылық акция  жұмыстары  жүргізілуде.  Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға көмектер ұйымдастыру.
Құқық бұзушылықтың алдын алу — басты міндет
09
февраль
2023
Құқық бұзушылықтың алдын алу — басты міндет
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында  кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда барлық мүдделі органдармен бірігіп профилактикалық рейдтер ұйымдастырылып, ойын – сауық орындары, қолайсыз отбасылардың тұрмыстық жағдайы тексеріледі.
Бала қауіпсіздігі басты назарда
09
февраль
2023
Бала қауіпсіздігі басты назарда
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Рахимова, әлеуметтік педагог А.Ғ.Құрманжанова, сынып жетекшілер Е.Бекболатоова, М.Ерген, Д.Бердіқожа құрамында сәтсіз отбасы тобындағы оқушылардың үйлерін аралап «Бала қауіпсіздігі басты назарда» тақырыбында   ата-аналарға жаднама таратылды. Ата-аналарға күнделікті өмірде балаларды қауіпсіздік дағдыларына үйрету қажет екендігі баса айтылды.
Мектеп бойынша оқушылардың үйлерін аралау
09
февраль
2023
Мектеп бойынша оқушылардың үйлерін аралау
Педагог психолог  Е.Қыстаубаев , интернат меңгерушісі Е.Айтақынов, мектеп инспекторы Бейсенбаев Н, әлеуметтік педагог А.Ғ.Құрманжанова құрамында әлеуметтік қорғалмаған тобындағы  оқушылардың үйлерін аралау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында   оқушының тұрғылықты  мекен- жайына барып ,тұрмыстық жағдайын анықтап   оқушының  бөлмесі ,төсек жайының санитарлық жағдайын , сабаққа дайындалуға жағдай жасалуын  анықтап қайттық. Сонымен қатар ата-аналарымен  әңгімелер жүргізілді.