ӨЗІНЕ ДЕГЕН СЕНІМДІЛІКТІ НЫҒАЙТУ » Көктал-арасан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктал-арасан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 39-2-83
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ӨЗІНЕ ДЕГЕН СЕНІМДІЛІКТІ НЫҒАЙТУ
11
октябрь
2022

ӨЗІНЕ ДЕГЕН СЕНІМДІЛІКТІ НЫҒАЙТУ

ӨЗІНЕ ДЕГЕН СЕНІМДІЛІКТІ НЫҒАЙТУ
1.   Өз-өзіңе өзіңнің мықты және әлсіз жақтарыңды анықтап, өз күшіңді сәйкесінше жұмса.
2.   Өзіңізге не құнды екенін шешіп, неге сенетініңізді ажыратыңыз, өз өміріңізді қандай ғып елестетесіз. Өз жоспарыңызды сараптамадан өткізіп, оны прогресс болған кезде пайдаланатындай ғып бүгінгі күннің есебімен бағалаңыз.
3.   Тамырына дейін жетіңіз. Өткеніңізге сараптама жасап бүгінгі күнгі жағдайға қалай жеткеніңізді анықтаңыз. Сізді азап шегуге душар еткен адамды немесе қажет кезде көмек көрсете алса да көрсетпей қойған адамды түсініп, кешіруге тырысып көріңіз. Өз-өзіңіздің бұрын жасаған қателіктеріңізді, алданушылығыңызды, күнәләріңізді кешіріңіз. Есте қалған ауыр жағдайлардан қандайда болмасын пайдалы тұсын іліп алып, оны қайтадан еске алмаңыз. Сіздің жадыңызда басыңыздан өткізген жаман жағдайлар, тек сіз ол ойларды қуғанға дейін ғана болады. Одан да аз да болса қолыңыз жеткізген табыстарды еске алыңыз.
4.   Кінә мен ұят сезімдері сіздің табысқа жетуіңізге көмектеспейді. Оған берілуге жол бермеңіз.
5.   Өзіңіздің мінез-құлқыңыздың себептерін қазіргі жағдайдың физикалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси аспектілерінен іздеңіз.
6.   Әрбір оқиғаны әртүрлі бағалауға болатындығын ұмытпаңыз. Шынайылық – бұл әрбір адамның әр нәсеге деген көзқарасы емес, бұл адамдар арасындағы әр нәрсені өз атымен атау туралы келімдерінің нәтижесі ғана. Мұндай көзқарас сізге адамдарға шыдамдылықпен қарауға және кемсітушілік болып көрінетінді шыдамдылықпен бастан кешу.
7.   Ешқашанда өзіңіз туралы жаман айтпаңыз, әсіресе өзіңізге жағымсыз – ақымақ, ұсқынсыз, қабілетсіз, сәтсіз, түзелмейтін деген сияқты тіркестерді пайдаланудан аулақ болыңыз.
8.   Сіздің әрекетіңіз кез-келген бағаға лайық болуы мүмкін, егерде ол конструктивті сынға түсетін болса – өз пайдаңызға пайдаланыңыз, бірақ ешкімге өзіңізді сынауға жол бермеңіз.
9.   Жеңіліс – бұл сәттілік, одан сіз жұмсаған күшіңізге сай емес алданшы мақсаттарды көздегеніңізді есіңізде болсын, болуы мүмкін жамандықтардан құтылдыңыз.
10. Өзіңізді толықтай құндылықсыз сезінуге итермелейтін адамдармен, жағдайлармен келіспеңіз. Егерде сіздің қолыңыздан оларды өзгерту келмесе, онда олардан теріс айналған жөн. Өмір тым қысқа оны мұңға жұмсамай-ақ қойған жөн.
11. Жалғыз қалып өз ойыңызға құлақ асыңыз, көңіліңіз қалайтынның барлығын жасаңыз. Осылайша сіз өзіңізді жақсы түсіне аласыз.
12. Қарым-қатынас жасауды үйреніңіз. Адамдар өзара алмасатын энергияны сезінумен рахаттаныңыз.олар сіздің бауырларыңыз бен қарындастарыңыз сондай бөлек бір-біріне ұқсамайды. Көз алдыңызға олардың қорқыныш пен сенімсіздік сезініп тұрғанын елестетіп көріп, оларға көмек көрсетуге тырысыңыз. Олардан не күтетініңізді, оларға не бере алатыныңызды шешіп алыңыз. Ал, одан кейін сіз өзіңіздің мұндай алмасушылыққа даярлығыңызды білдіріңіз.
13. Өзіңіздің мен-меншілдігіңізді тым артық қорғаудан аулақ болыңыз. Одан да ол қамау мен әрекетсіздіктен гөрі, қысқа мерзімді эмоционалдық соққыны бастан өткізгені дұрыс болар.
14. Өзіңізге жақын емес бірнеше маңызды мақсаттарды қойыңыз, оған жету үшін ұсақ немесе аралық мақсаттарға жету қажет. Салқын қанмен осы аралық мақсатқа жету үшін қандай құралдар қажет екенін анықтаңдар. Өзіңіздің жемісті қадамыңызды назардан тыс қалдырмаңыз және де өзіңізді мадақтауды ұмытпаңыз. Ерсі көрінуден қорықпаңыз,себебі сізді ешкімде естімейді.
15. Сіз жамандыққа душар бола беретін пассивті объект емессіз, басып кетеді деп қорқатын шөптесін емессіз. Сіз – эволюциялық пирамиданың шыңысыз, сіз – ата-аналарыңыздың үміттерісіздер, сіз – құдай сияқтысыз. Сіз – қайталанбас тұлғасыз, өз өміріңіздің белсенді жасаушысысыз, сіз – оқиғаларды басқарасыз. Егерде сіз өзіңізге сенімді болсаңыз, онда бөгет сіз үшін  түк емес.
16. Ұялшақтық артта қалады, өйткені сіз қалай өмір сүремін деп мазасызданудың орнына өмірге араласып кетесіз.