«Өзен арнасын бейнелеу» » Көктал-арасан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктал-арасан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 39-2-83
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
июнь
2023

«Өзен арнасын бейнелеу»

Жетісу облысы, Панфилов ауданы Көктал-Арасан орта мектебінде «Сиқырлы сурет сырлары» профильдік лагерінде «Өзен арнасын бейнелеу» туралы 5-6 сынып оқушыларымен танымдық саяхат өткізілді.
Мақсаты: Өзен туралы қысқаша түсінік беру.
Өзен басқа бір өзенге, көлге, теңізге, мұхитқа немесе үлкен су қоймасына барып құяды. Өзен жаңбыр суынан, еріген қар мен мұздықтардан, қайнар бұлақтардан немесе арнасынан тасыған көл суларынан нәр алады. Көптеген өзендер қыраттар мен таулардан басталады. Бірақ, төмен қарай ағып келе жатқанда оған өзгеде жылғалар, өзен-бұлақтар мен су көздері қосылады. Елді мекендердің басым бөлігі өзен жағаларында орналасады. Өзендер, сондай-ақ, ауыл шаруашылығына да қолайлы. Өйткені, өзен аңғарлары мен жазықтарының топырағы өте құнарлы болады. Оқушылар  осы ақпараттарды тыңдай отырып, өзен арнасын бейнеледі.