хаттама » Көктал-арасан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктал-арасан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 39-2-83
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
март
2018

хаттама

Хаттама №1 «Көктал-Арасан орта мектебі мектеп
жанындағы 50 орынды интернатымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
17.11.2017 жылы қамқоршылар
кеңесінің отырысы болып өтті

Қатысқандар- 30
Шақырылғандар: ата-аналар комитеті мүшелері, қоғамдық кеңес, әйелдер кеңесі.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер

1 1-тоқсан қорытындысы туралы
Мектеп директоры Н.Е.Турлыбеков есебі
2 Қамқоршылар кеңесінің есебі Н.Жолмырзаева
Тыңдалды
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Н.Е.Турлыбеков жалпы білім беру ұйымы, ондағы ұстаздар туралы айтып өтті. Мектепте 25 мұғалім, оның 4-жоғары санатта, бірінші санатта-10 мұғалім, 2 санатта-6 мұғалім, мұғалім жалпы санатта-5.
2017-2018 оқу жылының басталуына байланысты тамыз айында жүргізілген «Жалпыға бірдей міндетті білім беру» айлығында мөлтек аудандарды аралап, мектеп жасындағы оқушыларды тізімдеді. Мектепте қамтылмай қалған оқушының бар-жоғын, әлеуметтік жағдайларын есепке алып, педагогикалық кеңесте талқыланғанын айтты. Мектепте тұл жетім оқушы жоқ. Жартылай жетім-7 оқушы, көп балалы отбасынан-26 оқушы, аз қамтылған отбасынан 17 оқушы есепке алынды. Тамыз айында Астана қаласында өткен «ЭКСПО-2017» көрмесіне 5 оқушы тегін барып келді.
«Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету» ұранымен өткізілген «Мектепке жол» акциясына ауыл азаматтары, Жаркент-Арасан шипажайының меңгерушісі,жеке кәсіпкерлер, қамқоршылық кеңес, ата-аналардың атсалысуымен өткізілді.
Акцияда 15 оқушы 65000 ( алпыс бес мың)теңге көлемінде мектеп формасы, спорттық киім, қыстық аяқ киіммен қамтамасыз етілді.
Көктал-Арасан орта мектебі мектеп жанындағы интернатында 50 бала тәрбиеленеді. Осы 50 тәрбиеленушілерге үнемі көмек көрсетіліп отырады.
2-мәселе бойынша қамқоршылар кеңесінің төрайымы Н.Жолмырзаева кеңес мүшелерінің бірінші тоқсанда істеген жұмыстары туралы қысқаша айтып өтті. Жылдың басында оқушылардың сабаққа қатысуы, әлеуметтік жағдайына көңіл бөлінгендігін айтты. Оқушылар себепсіз сабақ қалдырмайды. «Денсаулық» фестивалі, «Мектепке жол» акциясы, «Күзгі балдың», «Отбасы» күні, «Еңбек» күні, «Қарттар» күні сонымен қатар мектепішілік іс-шаралардың өткізілу барысында бірге болғандарын айтып өтті. Және әр сыныптың ата-ана комитетінің бірлесіп жұмыс істейтіндерін, яғни көмек қажет ететінің оқушылар демеуші тауып көмек көрсетіп отырғанын айтты.
Күн тәртібіндегі мәселені тындай келе, жиналыс төмендегідей шешім қабылдады.
Шешім:
1 Мектеп директоры Н.Е.Турлыбековтың 1-тоқсан қорытындысы бойынша жасаған есебі назарға алынсын.
2 Қамқоршылық кеңестің жұмысын жүйелі, сапалы жүргізу Н.Жолмырзаевадан сұрасын.

Жиналыс төрайымы Н.Жолмырзаева
Мүшелері: Ш.Турдиева
А.Қиязбекова
М.Мырзахметов
К.Бекбаева