хаттама 2 » Көктал-арасан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктал-арасан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 39-2-83
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
март
2018

хаттама 2

Хаттама №2 «Көктал-Арасан орта мектебі мектеп
жанындағы 50 орынды интернатымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
27.12.2017 жылы қамқоршылар
кеңесінің отырысы болып өтті

Қатысқандар- 25

Күн тәртібінде қаралған мәселелер

1 2-тоқсан қорытындысы туралы
Мектеп директоры Н.Е.Турлыбеков есебі
2 Қамқоршылар кеңесінің есебі Н.Жолмырзаева

Тындалды
Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Н.Е.Турлыбеков 2-тоқсанда істелген жұмыстарға тоқталды.Ата-аналар үшін «Ашық есік » күні ұйымдастырылды.Ата-аналар мектепте өткізілген іс-шараларға, сабақтарға қатысып отырды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бойынша мақаласының аясында «100 жаңа есім» жобасы қолға алынды. Тұрмысы төмен, көп балалы отбасы балаларына көмек ұйымдастырылып отырды. Интернат тәрбиеленушілеріне көмек ұйымдастырылды. Тәуелсіздік мерекесі қарсанында жеке кәсіпкер Адай Райбеков 8-сынып оқушысы Шапошников Тимофей, 1-сынып оқушысы Қалин Айкөркем, 4-сынып оқушысы Айтбаева Аружанға қыстық аяқ киімдер әкеп табыс етті.Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты мектепте салтанатты жиын өтті.Жиынға зейнеткер, ұстаздар,ата-аналар шақырылды.Сонымен бірге спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.Осындай іс-шаралардың өтілуіне қамқоршылық кеңес бірлесіп жұмыс жүргізді.
Ауданда 26 желтоқсанда өткен Аудан әкімінің «Жасыл шырша-2018» мерекесіне жартылай жетім 5-сынып оқушысы Мақұлбек Өмірсерік пен көп балалы отбасынан 4-сынып оқушысы Мұхаметжан Бақберген барып, аудан әкімінің сыйлығын алды.
Екінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңестің төрайымы Жолмырзаева Назира 1-жарты жылдықта істелген жұмыстарға тоқталып өтті.ЖББ есебінен бөлінген ақшаға оқушылардың тамақтануына, оның сапасына көңіл бөліп отырған. «Мектепке жол» акциясында өткізілуінде қамқоршылық кеңес демеушілік жасағанын атты.Үнемі мектеппен байланысты. Оқушылардың мәдени іс-шараларға қатысуына, көңілді демалуларына ықпал жасап отыратындарын айтты. Мектепте мүлдем жағдайы жоқ,тұрмыс жағдайы нашар отбасы жоқ. Ата-ана Айеков Ербосын жалғыз басты әке, балалары Оразалинов Бекбосын 4- сынып оқушысы, Орзалинов Әділет 2-сынып оқушысы осы отбасына үнемі көмек көрсетілетін айтты. «Жасыл шырша» мерекесінің ұйымдастырылуына атсалысып, қамқоршылық кеңестің мүшесі Тұрдиева Шура 2-сынып оқушысы Оразалинов Әділетке сыйлық жасап, оқушылардың көңілінен шықты.

Күн тәртібіндегі мәселені тындай келе, жиналыс төмендегідей шешім қабылдады.
Шешім:
1 Мектеп директоры Н.ЕТурлыбековтың 2-тоқсан қорытындысы бойынша жасаған есебі қанағаттанарлық деп табылып,назарға алынсын.
2 Қамқоршылық кеңестің төрайымы Н.Жолмырзаеваның жасаған есебі қанағаттанарлық деп табылсын.

Жиналыс төрайымы Н.Жолмырзаева
Мүшелері: Ш.Турдиева
А.Қиязбекова
М.Мырзахметов
К.Бекбаева