"Көрісу күні" » Көктал-арасан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктал-арасан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 39-2-83
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
март
2024

"Көрісу күні"

"Әз-Наурыз- игіліктер бастауы" тақырыбындағы наурыз мерекесіне арналған іс-шара жоспарына сәйкес "Көрісу күні" өтті. 
Көктемнің алғашқы лебі сезіліп, қыстың кәрі қайтқанда мектебімізде ұстаздарымызбен оқушыларымыз көрісу салтын бастайды. Бұл күні Наурыздың орта тұсына, 13-14-жұлдызына сайма-сай келеді. Осы күндері қазақ халқы көршілері мен ағайын-туысын түгендеп, бір-бірінің үйіне қонақтап барады. Амандық-саулық сұрасып, «Бір жасың құтты болсын!», «Бір жасқа есеюіңмен!» деп ақжарма тілек айтады. Әр отбасы таңертеңнен самаурынын қайнатып, қазан-ошағын сайлап, ақ дастарханын тәтті-дәмдіге толтырады. Жасы кішілер үлкен кісілерге ізет көрсетіп, үйіне кіріп, амандасып шығады. Кішкене балаларға аналары дорба ұстатып қояды. Көрісуге кірген балақайлар әр шаңырақтың асынан ауыз тиіп, дорбасына кәмпит пен бауырсақтан салып алады. Бұл балаларымыз тоқ, дастарханымыз аралас, берекеміз мол, бірлігіміз бекем болсын деген ізгі ниеттен туған дәстүрдің бірі. Араздасқан туысқан болса, бір-бірін кешіріп, төс қағысып, қайта табысады. Арадағы өкпе-ренішті өткен жылға қалдырады. Көрісу күнінде Ұлыстың Ұлы күні орындалатын жоралғылар жасалады. Сондықтан бұл кезеңді Наурыз мерекесінің бастауы десек болады. Кейінгі уақытта атаулы күн еліміздің барлық аймақтарында таралып, ауқымы кеңейді.
Мақсаты: Оқушыларды қазағымыздың салт — дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.