Тұсау кесер көрініс » Көктал-арасан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктал-арасан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 39-2-83
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тұсау кесер көрініс
15
март
2024

Тұсау кесер көрініс

Жетісу облысы Панфилов ауданы Көктал-Арасан орта мектебінде  "Әз-Наурыз- игіліктер бастауы" тақырыбындағы наурыз мерекесіне арналған іс-шара жоспарына сәйкес Мәдениет және ұлттық салт- дәстүр күніне орай Қазақ халқының ең маңызды ғұрыптарының бірі – тұсау кесу рәсімі аналар мектебімен ұйымдастырылып көрсетілді. Бұл баланың өмірдегі жолы жеңіл және жарқын болуы үшін аяғындағы тұсауын кесу. Тұсаукесер – баланың ата-анасы үшін маңызды және ұлан-асыр мереке күні.
Дәстүр бойынша, тұсау кесу үшін ақ жолды бейнелейтін ақ мата және түрлі-түсті арқандар алынады. Көбінесе олар үш түсті: қызыл, ақ және жасыл болады. Ақ – тазалықтың, жасыл – денсаулық пен ұзақ өмірдің, ал қызыл – молшылықтың символы.