Тәуелсіздік күні » Көктал-арасан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктал-арасан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 39-2-83
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
декабрь
2019

Тәуелсіздік күні

«Көктал-Арасан орта мектебі мектеп жанындағы 50 орынды интернатымен» КММ
9 -13 желтоқсан «Білімді ұрпақ-тәуелсіздіктің жүрегі» атты апталықтың орындалуы туралы анықтама
2019 жылы 16 желтоқсан Тәуелсіздік Күніне орай «Білімді ұрпақ-тәуелсіздіктің жүрегі»» атты іс-шара жоспары жасалып лездемеде таныстырылды. Тәуелсіздік күніне байланысты Есіркева Балқия көрме ұйымдастырды. 1-11сыныптар арасында қабырға газеттері, 1-4 сыныптар арасында «Желтоқсан оқиғасының ақиқаты» атты тақырыбында мәнерлеп оқу өткізілді. Сонымен қатар оқушылар арасында «Тәуелсіздік тұғырым биік болсын» тақырыбында сурет көрмесі, «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында 8-11 сыныптар арасында сынып сағаты, «Менің Отаным -Қазақстан» атты 1-5 сыныптар арасында Қазақстан Республикалық біріңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиыны ұйымдастырылды. «Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке» атты мерекелік кешпен аяқталды.

Тәуелсіздік күні