2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУ – ӘДІСЕУМЕМІЛІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ » Көктал-арасан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктал-арасан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 39-2-83
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУ – ӘДІСЕУМЕМІЛІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
10
февраль
2023

2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУ – ӘДІСЕУМЕМІЛІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

ІІ және ІІІ тоқсан бойынша  сыныптардың салыстырмалы білім сапасы


      Білім сапасы 2021-2022 оқу жылында І тоқсаннан ІV тоқсан аралығында 6,1 %-ға өскен. Оған себеп оқушылардың басқа мектептен ауысып келуі және үздік ,екпінді оқушылардың білім сапасының артуы.Жекелей сыныптарға келетін болсақ:2 сыныптардың -20,8 % түсуі 4-тоқсанда 2 үлгерімі төмен оқушының келуі.3 сыныпта +6%,4 сыныпта +8,9%, 5 сыныпта -10%, 6 сыныпта -3,3%,7 сыныпта +9,7 %,8сыныпта +9,6%, 9сыныпта +25% көтерілгені байқалады.                                                   2021-2022 оқу жылының басты міндеті – білім алушылардың өткен оқу жылындағы білімін толықтыра отырып, жаңа оқу жылының бағдарламасын жүзеге асыру болғандықтан  негізгі пәндерден нөлдік срез алынған болатын.  Сол жұмыстардың нәтижесін саралай келе білімінде олқылығы бар оқушылар анықталды.Әр пән мұғалімдері әдістемелік нұсқау хатқа сүйене отырып, білімінде олқылығы бар оқушыларға арналған,жұмыс жоспарларын ,сабақ кестесін,оқушылар тізімін бекіттіріп,жұмыс жүргізді.Әр сабақ сайын сол оқушылармен жеке жұмыстар жүргізілді.

    2021-2022 оқу жылында 11 сыныптарда Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын 2 оқушымен кестеге  сай дайындық жұмыстары жүргізілуде.Әкімшілік тарапынан ай сайын тест алынып,нәтижесі талданып отырды. Оқу жылынды 6 рет аудандағы тест орталығында байқау тест тапсырды.  Пәндер бойынша пән мұғалімдері тарапынан жеке тест жұмыстары да жүргізіліп жатыр.Тестің қорытындысы көңіл тоярлықтай емес. Дайындық барысында ЮСТАДИ,Білім Ленд тестерімен дайындықтар жүргізілуде. 


ІІ. Оқу – тәрбие үрдісіндегі ұйымдастыру – педагогикалық шаралар;

       Биылғы оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспарын белгілеп, мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз етуде, оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, пәндік және басқа да үйірме, секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамтуда нысаналы жұмыстар атқарылды. Оқу  жылында педагогикалық ұжымның бірлесе жұмыс істеу барысында төмендегідей міндеттер шешілді:

1. Пәндер бойынша білім негізін салатын, білім стандарттарын игеру деңгейін қамтамасыз ететін оқу жоспары құрылып, бекітілді.

  2.  Педагогикалық шығармашылықты дамыту және түрлі бастамаларды іске асыру мақсатында мектебімізде әдістемелік жүйе қалыптасты.

 3. Мемлекеттік даму бағдарламасын орындау мақсатында мектебімізде үлгермеуші оқушылармен жеке жұмыстар жүргізілді;

4. Мектепішілік бақылау жоспары бойынша әрдайым білім сапасы, тәрбие жұмыстары назарға алынып отырды;

5. Әр пән мұғалімі, пән бойынша бірлестік жетекшілер және мектеп әкімшілігі әр тоқсан сайын мониторинг жүргізілді.


ІІІ. Әдістемелік жұмыстар жүйесі

Мектеп жұмысының барлық жүйесін біртұтас байланыстыратын мұғалімнің педагогикалық шеберлігін көтерудің маңызды құрамы әдістемелік жұмыс. Әдістемелік жұмыс «Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық технологияларының ерекшеліктерін үйрене отырып, мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру» тақырыбында жұмыс жасады.

        Мектепте 4 әдістемелік бірлестіктер жұмыс атқарды.  

1. «Шапағат» бастауыш бірлестік жетекшісі   М.Абдрахманова, бірлестік хатшысы-Э.Құмарбекова

2. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестік жетекшісі А.Джакупбекова, бірлестік хатшысы –Е.Бекболатова

3. Жаратылыстану-математика бірлестік жетекшісі Қ.Тугелбаев, бірлестік хатшысы- Қ.Зинал

4. «Шымыр» бірлестік жетекшісі А.Нақысбеков, бірлестік хатшысы- Б.Нурбаев

  Бірлестік жетекшілердің жылдық жоспары құрылып, жыл бойы жоспар негізінде жұмыстар жүргізілді. 

       Әдістемелік кеңестің жұмысын бірнеше бағыт бойынша саралап өтетін болсақ:

1. Ақпараттандыру ( әдістемелік педагогикалық мәліметтер жүйесін құру)
 2. «Іс құжаттар жұмысы»

3. Қамтушылқ бағыт ( мемлекеттік стандартты меңгеру, оқу -тәрбие үрдісіне қажетті материалдармен қамту)
 4. Диагностикалық – болжамдаушылық ( мониторинг жүргізу)
 5.Жаңашылдық және эксперементтік бағыт (эксперементтік –тәжірибе, авторлық бағдарламалар т.б.
 6. Әдістемелік айлық пен апталықтар, семинар, дөңгелек үстел, педагогикалық оқулар т.б.
 7. Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру мәселесі; интеллектуалды ойындарға, интернет олимпиадаларға, пәндік олимпиадаларға қатысуы

8. Пән мұғалімдеріне арналған  пән бойынша өткізілетін білім сайыстары, олимпиада, байқауларға қатысуды ұйымдастыру;
 Әдістемелік жұмыстың жоғарыда аталған бағыттарға сәйкес жүргізілу деңгейіне тоқталсақ:
 Көрсетілген бағыттарға сәйкес № 1,3, барлық пән бірлестіктерінде, пән мұғалімдерінде  жұмыстары толығымен қамтылған.

№ 2 бағытындағы «Іс құжаттар жұмысы» бойынша әдістемелік бірлестіктің жинақ құжаттамаларын  тоқсан сайын тексеріліп,  жылдық жоспар, отырыс жоспары, бірлестік ішінде жұргізілетін жинақ папкалардың жинақталуы көрсетілген./Яғни, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша, мектепішілік бақылау, жас мамандармен, онкүндік іс-шаралар өткізу, қабілетті және үлгерімінде олқылығы бар оқушылармен жұмыс т.б/ Өткен оқу жылындағы жұргізілген жұмыстары жинақталып, тігілген. Әдістемелік жинақ папкада 2021-2022 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хатта басшылыққа алынған бұйрықтар жаңадан шығып жатқан ұсынылымдар мен нұсқаулықтар бар.

Әдістемелік бірлестіктерде №4 бағытындағы жұмыс нақтырақ айтқанда диагностикалық болжамдылық және мониторинг жүргізуі тоқсандық білім сапасына, сынамалау тесттердің көрсеткішіне өзіндік талдау жұмыстары бар. (қыркүйекте алынатын бастапқы бақылауды толық алынды, негізгі пәндердің БЖБ, ТЖБ талдаулары тоқсан бойынша жинақталып, мониторнгісі жасалған)

      №5 «Озат тәжірибе» жаңашылдық пен эксперементтік (эксперементтік –тәжірибе, авторлық бағдарламалар т.б. ) бағыттарында  мұғалімдердің жұмыстары жинақталмаған.

      №6 Әдістемелік айлық пен апталықтар, семинар, дөңгелек үстел, педагогикалық оқулар т.б туралы.  2021-2022 оқу жылында оқу –тәрбие жоспары, МДЖ- бойынша танысытырылым болды. 

Мектебімізде қараша айының 17-22 аралығында   1-4 сыныптарға арналған   жаратылыстану пәні бойынша «Жаратылыстану әлеміне саяхат» атты апталық болды. Ұйымдастырушысы 1 сынып жетекшісі Э.Құмарбекова. Жоспары құрылып, жоспар негізінде   3  сынып жетекшісі Қ.Ноғаева «Өкпені шынықтыру» ақпарат сабақ, 2 сынып жетекшісі А.Құрманжанова «Қызықты деректер» тақырыбында инттеллектуалды сайыс, 4 сынып жетекшісіМ.Абдрахманова «Заттар қандай болады?» атты ашық сабақ, география пәнінің мұғалімі Қ.Тугелбаев 6 сыныпта «Физикалық және химиялық құбылыстар» тақырыбында сабақ өткізіп, оқушылардың жаратылыстану пәні табиғатта жүретін үдерістер мен құбылыстардың маңызын, ерекшеліктері туралы білім қалыптастыра алды. 

 Ақпан айында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты апталық өткізілді. (Жауапты Е.Қыстаубаев пен Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері. Мақсаты: адамдар арасындағы татулық шынайы тілектестікпен араласу, керек кезінде қол ұшын беру. Адам достық қарым-қатынасты бағалай алса, басқа адамдарды түсіне білуге, бірге жүрген ортасымен тату-тәтті өмір сүру. 16-17 ақпан аралығында мектеп бітірушілердің ҰБТ-ға дайындығы туралы 11 сыныпқа негізгі пәндерден сабақ беретін мұғалімдер мен оқушыларға қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға  дайындалу үрдісін белгілі бір жүйесін құруды талап ету бойынша презентация өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды ҰБТ нысанындағы мемлекеттік аттестаттау туралы ақпараттандыру. 2. Оқушылар үшін консультациялар ұйымдастыру. 3. Оқушыларға сынама   тестілеулер ұйымдастыру. 4. Педагогикалық ұжыммен ұйымдастыру-әдістемелік қызмет.т 22 ақпан. Тәлімгер, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Е.Бекболатова «Ата-аналар мен мұғалім байланысы»  атты жас мамандар мен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Нәтижесінде жас маманда Ата - ана, оқушы, мұғалімнің  ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту, бала тәрбиесінің бағбаны ата-ана мен мұғалім екенін ұғындыру. Оқушы мен ата - ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді болдырмайтын қарым - қатынас орнату, бір бірінің жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру сияқты түінік қалыптасты. Ай ішінде – жас мамандарды мектепішілік, аудандық семинар,жарыс, байқауларға жіберу,- деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің жоспары бойынша коучинг-семинарлар ұйымдастырылып отырды. 10 наурыз. Сынып жетекшісі Қ.Тугелбаев 11 сынып оқушыларын ҰБТ-жаңа формат, қорытынды аттестаттау бойынша дайындықтары туралы, ҰБТ-ға тіркеу, тест нәтижесі бойынша ата-аналарға таныстырылым жүргізді.   Жиналыс барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Асанова ҰБТ нәтижесі бойынша іс –шаралар жоспары жасалғанын, әр пән бойынша сараптама ,талдау  және пән мұғалімдерімен, оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.11 наурыз. Е.Бекболатова «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу кәсіби шеберлік пен кәсіби даму» атты тақырыпта жас маман отырысында баяндама оқыды. Мақсаты:қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экониомикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Жан-жақты саралап өз ойларымен бөлісті. Жас мамандар музыка пәнінің мұғалімі, А.Панчар мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Масалім қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізу барысында, оқушылары интернте олипиадаларға, байқауларға қатысып, номинация бойынша марапатталды, жетекшілеріне алғыс хат берілді. 

-02-11 наурыз аралығында «Бастауышым- бастамам» атты бастауыш бірлестігінің апталығы өтті. Жетекшісі М.Абдрахманова. апталық барысында пән мұғалімдері жоспарланған іс-шара бойынша ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары өз деңгейінде өткізіліп, анықтамасы жазылды.

-28 сәуір-05 мамыр   аралығында  мектепте жаратылыстану-математика пәндерінің апталығы өткізілді. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында  қаралып талданды  және бекітілді. Апталықтың мақсаты: География, химия, биология, математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи  тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.

 Апталық барысында  мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай  өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, КВЕС ойыны, Дебат  сайысы, сыныптан тыс іс- шаралар.

  • Оқушылардың білім сапасын арттыру,мұғалімдердің шығармашылық ортасын қалыптастыру және кәсіптік шеберлігін шындау мақсатында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер апталығы 4.04.-14.04.2022 ж. аралығында болып өтті. Апталық жоспары жасақталып, бекітілді. Жоспарланған ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.

           Мектеп директоры Н.Турлыбековтың бастамасымен жаратылыстану-математика , қоғамдық-*гуманитарлық пәндер бірлестігімен LS тобын құрып 6 сыныпта зерттеу сабағы жүргізілді.






                                                                                                                                                  

Іс –әрекетті зерттеу тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша бастауыш сынып мұғалімдері зерттеу сұрағын анықтап, сабақтар   өткізіліп, жүзеге асырылды.




Сонымен қатар мектеп мұғалімдерімен мектеп тренері Е.Арипжанов «Lesson study- сабақты зерттеу», «Жазылым дағыдысын қалыптастыру» атты коучинг өткізді. 







Мектебімізде 04 ақпан 2022 жылы  Әулиеағаш мектебімен тірек мектеп ретінде жұмыс жүргізу барысын қолға алу бойынша семинар ұйымдастырылды. Тақырыбы: «Дарынды оқушымен жұмыс істеу арқылы оқушыларды зерттеу жұмысына баулу жолдары» Семанар барысында «Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру», «ПИЗА тапсырмаларын беру жолдары», «Сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану», «Білім платформаларымен жұмыс» атты дәріс, коучинг ұйымдастырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп ұжымы түгел қатысып, өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. 




   Қабілетті оқушылармен жұмыстардың жүргізілуі

Мақсаты: қабілетті балалардың дамуына жағдай жасау, табиғи қабілеттерін танып біліп дамыту, ғылыми ізденіс әдістерін үйрету арқылы шығармашылыққа баулу.

№7 оқушылардың шағын зерттеу жұмысын ұйымдастыру мәселесі, интеллектуалды ойындарға интернет олимпиадаларға, пәндік олимпиадаларға қатысуы. 

         «Пони» байқауында 1 сынып оқушылары Серік Самал, Бақытжан Еркебұлан, Зинчук Даяна, Мырзахан Айерке–ІІ-ІІІ орын иеленді, 2 сынып оқушылары Акра Нұрсәт, Мұхамед Даяна, Қазыхан Абзал- ІІ-ІІІ орын иеленіп,  3 сынып оқушысы Майдан Дарина-ІІ орын, 4  сынып оқушылары  Қазыхан Ерхан-ІІІ орын, Болатхан Айша-ІІ орын, Айдарқызы Амира А-ІІ орын иеленді, жетекшілері Қ.Ноғаева, М.Мырзахметова, М.Абдрахманова   мен Э.Құмарбекова «Алғыс хат» марапатталды.

   МАД тобының 2 оқушысы Болатхан Хадиша мен Тоқмухаметова Айасыл «Үркер» республикалық байқауға қатысып ІІІ орын иеленді, жетекшісі  Б.Турлыбекова «Алғыс хат» марапатталды.





Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша 30  қараша 8-11 сыныптар аралығында мектепішілік олимпиада өткізілді. 

Мақсаты: аудандық, облыстық кезеңіне  қатыстыру және дарынды  оқушылармен жеке жұмыс  жүргізу мақсатында, әр пән бойынша білімдері жоғары   дарынды оқушыларды  анықтау.

Мектепішілік пән олимпиадасына  қатысқан оқушылар

р/с

Оқушының аты-жөні

сынып

пәні

жетекшісі

1

Бақытжанқызы Н

10

тарих

А.Рахалиева

2

Молдахан А

10

география

Қ.Тугелбаев

3

Болат Мерей

11

Информатика

Қ.Зинал

4

Бекберген А

8

ағылшын тілі

А.Масалім

5

Сабирова М

8

химия

Б.Асанова

6

Толтаев Саян

9

орыс тілі

А.Джакупбекова

Мектепішілік пән олмпиадасын талдай келе, өткен оқу жылымен салыстыратын болсақ:


2020-2021 оқу жылы

2021-2022 оқу жылы

11 оқушы мектепішілік пән олимпиадасына     қатысып-8 оқушы аудандық пән олимпиадасына қатысты

6 оқушы мектепішілік пән олимпиадасына қатысып-1 оқушы, 9 сынып оқушысы Толтаев Саян, аудандық пән олимпиадасына құқық негіздері пәні бойынша қатысып жүлделі ІІ орынға ие болды. жетекшісі Н.Турлыбеков

Себебі...2 жыл көлемі болды 8 сынып оқушылар аудандық пән олипиадаға қатыстырылмайды, биыл да сондай болып жатыр: олар Сабирова М, Бекберген А, 11 сынып бойынша информатика пән бойынша аудандық олипиада белгісіз, программалау ұйымдастырылған жоқ деп айтып өтті, ал қалған 10 сыныптан-2 оқушының ішінде Молдахан А- басқа мектепке ауысуына байланысты аудандық олимпиададан бас тартты, Бақытжанқызы Нұрай-белгісіз. 

Оқушылар санымен, деңгейімен қарайтын болсақ, биылғы оқу жылында 9  сынапта-4 оқушы, 2 оқушы-жақсы (Толтаев С, Ержан С), 2 оқушы-қанағаттанарлық деңгейде (Мақулбек Ө, Оразбаев Б), 10 сыныпта-5 оқушы 2 оқушы-жақсы (Молдахан А, Бақытжанқызы Н), 3 оқушы қанағаттанарлық деңгейде (Тоқтарбек Ж, Нурсапа Н, Бегетаев Е), 11 сыныпта-2 оқушы, 2 оқушы-жақсы. 




Пән олимпиадасын 5 жылғы көрсеткіш бойынша салыстыратын болсақ


2017-2018

2018-2019

2019-2020

2020-2021

2021-2022

Қатысушылар саны

8

9

10

8

1

Жүлдегерлер саны

5

5

3

3

1

Нәтижесі%

62,5%

55,5%

30%

37,5%

1,2%

Пәндер бойынша жүлделі орындар

химия

математика

география

орыс тілі

физика

математика

химия

биология

география

қазақ тілі

құқық негіздері

қазақ тілі

қазақстан тарих

биология

география

химия

құқық негіздері



     Жоғарыдағы пән бойынша қарап отырсаныңздар, барлық пәндерден қатыспайды. Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі,қазақ тілі, информатика, қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, бұл жерден  бірлестік мұғалімдерінің жұмыс нәтижелерін байқауға болады.


Пәндерді оқу жылымен салыстырғанда қатысу нәтижелері

 Пәндер

2018

2019

2020

2021

2022

Қазақ тілі

0

1

0

0

Орыс тілі

1

0

0

0

0

Ағылшын тілі

0

0

0

0

0

Қазақстан тарихы

0

0

1

0

0

дүние жүзі тарихы

0

0

0

0

0

Құқық негіздері

0

0

1

0

1

Математика

1

1

0

0

0

География

1

1

0

1

0

Физика

1

0

0

0

0

Химия

1

1

0

1

0

Биология

0

1

0

1

0

Информатика

0

0

0

0

0

жалпы саны 

5

5

3

2

1

 Қатысу нәтижелері жағымды көрсеткіш көрсетіп тұрған жоқ.. Жеке пәндер бойынша үлгерімнің өсуі болса да, Олимпиадаға дайындалу жұмысы тиімді емес. Оқуға деген ынтасы жоғары оқушыларды, дарынды балаларды анықтауда көңіл бөлген жөн.Сондай-ақ мұғалімдердің барлығы балаларды жүйелі түрде дайындамайтынын атап өткен жөн, көбінесе консультация беріп, өздігінен жұмыс жасауға кеңес береді.Сондай-ақ статистика бойынша олимпиадаға қатысатындар білім беру стандартын жақсы меңгерген оқушылар болып табылады.Осы мәселе біршама проблемаларды тудырады: сыныптан тыс білім беру қызметі оқушыларға шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі анықтау, өзін-өзі жүзеге асыру, түрлі танымдық тәжірибені меңгеру жолы болу қажет.

Сонымен қатар, қараша айында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы алғаш рет 5-6 сынып оқушылары үшін республикалық келесі пәндер бойынша өткізеді: математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы.

Олимпиаданың басты мақсаты - жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында шығармашылық қабілеттер мен танымдық іс-әрекетке қызығушылықты анықтау және дамыту, сонымен қатар ғылыми білімді насихаттау.

Мектепішлік кезеңінде  5-6 сыныптар арасында барлық оқушы қатысып, жоғары балл алған 5 оқушылар  аудандық кезеңде қатыстырылды, нәтижесінде орын иеленбеді.



оқушының аты-жөні

сыныбы

мектепшілік олимпиадасының нәтижесі / жалпы ұпай

оның ішінде


математика

жаратылыстану

қазақ тілі мен әдебиеті

орыс тілі мен әдебиеті

ағылшын тілі

Қазақстан тарихы

1

Тоқтарбек Айкөркем

5

43

0

0

43

0

0

0

2

Құсайын Дария

5

50

0

0

0

50

0

0

3

Молдаханқызы Айназ

6

46

46

0

0

0

0

0

4

Тергеусіз Ақбота

6

46

0

0

46

0

0

0

5

Бекберген Ақжан

6

46

0

0

0

0

46

0



-«Айқанат» Республикалық олимпиадасының аудандық, облыстық кезеңінде химия пәнінен 8 сынып оқушысы Сабирова Мадина жүлделі орындарға ие болып, кезекті Нұр-Сұлтан қаласында өтетеін «Айқанат» республикалық олимпиадасының ІІІ кезеңіне шақырту алып, өз білімін көрсетуде. Жетекшісі химия пәнінің мұғалімі  Б.Асанова


Интернет байқауға қатыстыру.

Сонымен бірге, 3 сынып жетекшісі Қ.Ноғаеваның ұйымдастыруымен ақпан айында «Жырлайды жүрек» атты М.Мақатевтың туған күніне ұйымдасытырылған интернет байқауда 3 сынып оқушылары М.Мақатевтың шығармашылығындағы өлең жолдарын жаттау бойынша байқауға қатысып төс белгімен және мақтау қағаздарымен марапатталды. 

Халықаралық ғылым, педагогика, тіл және өнер     академиясының ұйымдастыруымен өткен «Мен бақытты баламын!» байқауда 6 сынып оқушысы Кулакова Баян мен 4 сынып оқушысы Қазыхан Ерхан І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі А.Панчар.

№8 Пән мұғалімдерінің  пән бойынша өткізілетін білім сайыстары, олимпиада, байқауларға қатысуды ұйымдастыру
 
«Ұстаз тілегі» ресаубликалық ғылыми әдістемелік орталығынын ұйымдастыруымен қараша айында өткізілген Республикалық «Ағылшын тілі» Блиц-турнирінің 1 дәріжелі дипломмен, Халықаралық ғылым, педагогика, тіл және өнер академиясының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған «Шебер педагог-2021» атты ІІІ халықаралық байқауында «Ең үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Масалім мараптталады.

ІV. Педагог мамандармен жұмыс;

Мектептің педагог мамандармен қамтамасыз етілуі 


Барлық педагог мамандар саны -27


Деңгейі, санаты бойынша

саны

%

1

Жоғары білімді

22

81,4%

2

Орта білімді

5

18,5%

3

Жоғары біліктілік санатты

3

11,1%

4

І біліктілік санатты

1

3,7%

5

ІІ біліктілік санатты

4

14,8%

6

Санаты  жоқ

6

22,2%

7

Педагог-зерттеуші

1

3,7%

8

Педагог-сарапшы

3

11,1%

9

Педагог-модератор

9

33,3%

Санаты бар мұғалімдер  бөлшегі 29,6 %, оның ішінде жоғары санат – 11,1%, бірінші санат –3,7%, педагог-зерттеуші – 3,7%, педагог-сарапшы – 11,1%, яғни лицензия талаптарына толық   сәйкес келмейді, яғни 30%-ға жетпей тұр.Бүгінгі таңда мектепте деңгейлік, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша  курстарды жаңа форматта бітірген 21 мұғалім жұмыс істейді, бұл мұғалімдердің жалпы санының 77,7% құрайды.

Мұғалімдердің қайта даярлау курсынан өтуі 

Мұғалімдердің қайта даярлау курсынан өткенде мұғалімдердің аттестаттаудан өту мерзімі, сондай-ақ олардың жұмыс нәтижелері есепке алынады. Ағымдағы оқу жылында жоспарлы түрде курстық даярлықтан өткен мұғалімдер саны 

Оқу жылы

курстан өткен мұғалімдер саны

курстан     өткен мұғалімдер бөлшегі

2021-2022

6

Ж.Нуршекова

А.Рахалиева

Қ.Тугелбаев

Н. Турлыбеков

К.Кебебаева семинар-курска

Қ.Зинал

22,2%

Мектеп  бойынша аттестаттаудан өткен мұғалімдер туралы мәлімет

Мектеп  бойынша аттестаттаудан өткен мұғалімдер мониторингісі

Оқу жылы

2019-2020 

оқу жылы

2020-2021

оқу жылы

2021-2022

оқу жылы

Педагог- зерттеуші

1 Е.Арипжанов

-

-

Педагог –сарапшы

2 О.Иманбеков

М.Абдрахманова

-

1 А.Нақысбеков

Педагог-модератор

7 Е.Қыстаубаев

К.Рахимова

Қ.Тугелбаев

Э.Құмарбекова

А.Джакупбекова

Қ.Ноғаева

Б.Нурбаев

3 А.Құрманжанова

А.Масалім


Е.Айтақынов


-



Білім беру ұйымдарының басшыларын және орынбасарларын аттестатциядан өтуі бойынша мектебімізде

Оқу  жылы

2020-2021

 оқу жылы

2021-2022

оқу жылы

Үшінші санатты басшының орынбасары

1 /Б.Асанова/

1 /А.Рахалиева/

Үшінші  санатты мектеп басшысы


Н.Турлыбеков


PISA,TIMSS,PIRIS халықаралық зерттеу жұмыстарының жүргізілуі

2021-2022 оқу жылының қаңтар айында ПИЗА халықаралық зерттеулер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша 9-10 сыныптарда оқушылар анықталып, іс-шара жоспары құрылып, іс-шара жоспарына сәйкес мұғалімдерге түсіндіру жұмыстары 2 рет, оқушыларға компьютерлік құрылғыларды қолдану бойынша 1 рет, ПИЗА ның өткізілуі бойынша 1 рет ұйымдастырылды.  Жоспар негізінде пән мұғалімдеріне дайындық сабақ кестесі, сынып бойынша сынып жетекшілерл сауалнама жүргізу күні, сынып оқушыларынан  алынған тест жұмыстарының мониторингісі жүргізілді.



Жас маман мен тәлімгердің жұмысы   туралы

    2021-2022 оқу жылында жас мамандардың шығармашылық қабілеттерін ашу және кәсіби деңгейін көтеру мақсатында жас мамандар мен озат тәжірибелі ұстаздар байланысын бекітіп оларға әдістемелік көмек көрсету үшін мектеп директорының   бұйрығымен жас мұғалімдерге тәлімгерлер тағайындалған.


Жас мамандар саны

«педагог»

«педагог-модератор»

2

1

1



Р/с

Мұғалімнің 

аты-жөні

Сабақ беретін пәні

Білімі

Санаты

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өтуі

Қысқа мерзімді курстан өтуі

Тәлімгерлер 

1

Масалім А

ағылшын тілі

арнаулы орта

педагог-модератор

өтпеген

өтпеген

Е.Бекболатова

2

Панчар А

музыка

арнаулы орта

жалпы

өтпеген

өтпеген

Б.Нурбаев


      Жоспар бойынша сабақтарға қатысып, әдістемелік кеңестер алып отырады. Әрбір жас маман № 130 бұйрықты басшылыққа ала отырып, педагогикалық идеялар папкасын жинақтайды. Онда өздеріне әдіскер, тәлімгер тарапынан, өздерінің іздеулері бойынша қажетті нұсқаулықтар, сабақ жоспарларының үлгілері, жазылған кеңестер т.б. Жас  мамандар әр аптаның сәрсенбі күні әдістемелік кабинетте қажетті кеңестерін алып отырады. Педагогикалық өтілі екінші жыл ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Масалімге ағылшын тілі  пәні бойынша сынып оқушыларының дәптерлерінің жүргізілуі, А. Масалім мен А.Панчардың сабақтарына қатысып сабақта қолданылатын әдістердің тиімділігі бойынша әдістемелік көмек ретінде ұсыныстарды Б.Асанова  айтып, түсіндірме жұмыстар жүргізілді. ОМЖ,ҚМЖ, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мектеп үйлестірушісі А.Рахалиева  ұсыныс, пікірлер айтып отырады. Мұғалімдер өзіне айтылған пікірлерді дұрыс қабылдайды. Жіберген қателерімен жұмыс жасауға тырысады. Тәжірибелі мамандардың сабақтарына   көбірек қатысуға кеңестер берілді. Жас мамандардан 2 рет сауалнама алынды. Бұл саулнамадағы ең негізгісі «Мектептің даму басымдықтарымен бүкіл ұжым таныс»,«Біз өз жоспарымызды бірлесіп талдаймыз және өзгертеміз», - деген сұрақтарда  2-5% «сирек», «кейде» деп жауап берген. 


2021-2022 оқу жылындағы бір жылғы қорытынды бойынша  мектептің әдістемелік жұмыстың қорытындысын шығара келе әр пән мұғалімдерді 10 критериялар бойынша бағаланды, пайыздық көрсеткіші
 - Мұғалімнің кәсіби байқауларға қатысу -0%
 - Іс   тәжірибесін тарату --0%
 - Пед оқулардаға қатысу-0%
 - Біліктілік арттыру курс – 6 мұғалім (
Ж.Нуршекова, А.Рахалиева,Қ.Тугелбаев ,Н. Турлыбеков, К.Кебебаева семинар-курска,  Қ.Зинал) -22,2%
 - Авторлық бағдарламалар дайындау-0%

-Мұғалімдердің пәндік олимпиадаларға қатысуы--0%
 - Оқушылардың пәндік олимпиадалардағы жетістігі-1 жүлделі орын. (Толтаев С) -3%
 - Оқушылардың марафон, шығарма, эссе, байқауларда жетістіктері-1 оқушы  (М Сабирова)-3%
 - Пони байқауына қатысушылар-14 оқушы, -18,7%
 - Оқушылардың ғылыми жобалармен айналысуы-7 мұғалім айналысуда -25%
 - Білім сапасы – 61,8%
 Әдістемелік бірлестіктердің көрсеткіштерін саралай келе пайыздық көрсеткішпен
 
1. Бастауыш сынып бірлестігі -  18,5%
 2. Қоғамдық –гуманитарлық пәндер бірлестігі -9%
 3. Жаратылыстану-математика  пәндер бірлестігі -14,8%;
 4. Шымыр пәндер бірлестігі- 50%;
 
V .Мектепішілік бақылау 

 Мемлекеттік білім стандартының орындалуы

 мектепішілік бақылаудағы №130 бұйрықтағы пунктерді басшылыққа ала отырып,мұғалімдер мен сынып оқушыларының іс-құжаттарды тексеру (жауапты іс-жүргізуші, К.Рахимова), «Күнделік» жұмысын ұйымдастыру (Жауапты Б.Асанова мен Қ.Зинал), 10-11 сыныптардағы бейіндік оқытудың іс-шара жоспарын бекіту, жұмыстар жүргізу (Жауапты Б.Асанова), 1,5 сыныптардағы оқу сапасы мен психологиялық ахуалын бақылау (Жауапты А.Рахалиева мен Е.Қыстаубаев), бастауыш сыныптардағы ағылшын тілі мен орыс тілінен білімінде олқылығы бар оқуышылармен жұмыстардың жүргізілуі (жауапты А.Рахалиева, пән мұғалімдері), оқу-зерттеу қызметі бойынша ІІІ деңгейлі бастауыш сынып мұғалімдері М.Абдрахманова мен Э.Құмарбекованың іс-әрекеттегі зерттеу жұмысын ұйымдастыру бойынша бақылау (Жауапты Б.Асанова), 1-5 сынып оқушыларының, 6-11 сынып оқушыларының   дәптерлерінің жүргізілуі туралы (Жауапты Б.Асанова мен А.Рахалиева), 1-11 сынып оқушыларының күнделіктерінің жүргізілуі туралы (жауапты К.Рахимова), PISA, TIMSS,PIRLS халықаралық зерттеулер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша іс-шара жоспары құрылып, тест жұмыстары ұйымдастырылып, сыныптар бойынша пән мұғалімдері бекітіліп, таныстырылды (Жауапты Б.Асанова, У.Омали,М.Абдрахманова, А.Масалім, Қ.Ноғаева),   7,11 сыныптардағы математика пәнінің оқытылуы (жауапты Б.Асанова), бастауыш сыныптардағы ағылшын тілі мен орыс тілі пәнінің оқытылуы (Жауапты Б.Асанова мен Е.Бекболатова), ақылы, ақысыз үйірмелердің жүргізілуі туралы (А.Рахалиева, К.Рахимова), І тоқсандағы білім сапасының төмен болуына байланысты 6 сыныпқа жалпы сыныптық   бақылау жүргізілді (Жауапты Б.Асанова мен пән мұғалімдері) анықтамалары жазылып, ДЖК,КПК қаралып ұсыныс, пікірлер айтылып өтілді, хаттамасы жазылды.

SWOT талдау

КҮШТІ ЖАҚТАРЫ 

 -Интернет байқауларға қатысу

- Қоғамдық жұмыстарға бесене қатысу

   -спорттық жарыстардан жүлделі орындардың болуы

-Мұғалімдерді курстардан өткізу мүмкіндіктерінің ұйымдастырылуы

-Мектеп басшыларының лауазымдық қызмет бойынша аттестациядан өтуі

-Іс әректеттегі зерттеу 

-Сабақты зерттеудің жүргізілуі


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ

- аудандық,облыстық кәсіби байқауларға қатыспау

Пән олимпиадасына, Ғылыми жобаларға оқушыларды қатыстырмау

  • Берілген тапсырмаға салғырттық таныту
  • Жауапкершіліктің аздығы( Сабақтан кешігу

Өзара сабақ алмастыру

Сабақтан себепсіз сұрану

Өз сабағына дайындықсыз келу

Кезекшілікті дұрыс атқармау)

  • - Пән мұғалімі мен сынып жетекшінің байланыста болмауы

-Психологпен жұмыстың әлсіздігі

-Ата-анамен байланыстың болмауы

  -Зерттеуші, сарапшы, модератор санатындағы мұғалімдердің     жыл   бойы істеген  жұмыстарына свод талдау жасай алмауы

-

ҚАУІП ҚАТЕР 

-Мектептің әдістемелік –ғылыми жұмыстардың тиімді жүргізілуіне кедергі болуы

-Мұғалімдердің кәсіби дамуының артта қалуы

-Оқушылардың жан-жақты дамуының тежелуі

Өзара тәжірибе алмасудың жүзеге аспауы  

МҮМКІНДІКТЕР

-Аудандық,облыстық  пәндік олимпиадаларға,ғылыми жобаларға қатысуға

-Сабақтарды  өз деңгейінде жүргізе отырып,білім сапасын арттыру

-Пән мұғалімдерінің аудан көлемінде семинарларда  ашық сабақ көрсетуге

-Ютуб каналдарын пайдалануға 

                                    



Жоғарыдағы жетістіктер мен кемшіліктерді саралай келе алдағы 2022-2023  оқу жылында оқушылардың оқу үлгерімі мен білім, білік дағдыларын қалыптастыру мақсатында төмендегідей мақсат-міндеттерді белгілейміз.


2022-2023 оқу  жылында алға қойған мақсат – міндеттер

-Білім  беру   ұйымдарында  оқу-тәрбие  процесін   ұйымдастыруды қамтамасыз етудің негізгі нормативтік құқықтық актілерін басшылққа алу

2022-2023  оқу   жылында  білім  беру   ұйымдары  білім  беру   процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы»,  «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы»  Қазақстан Республикасының Заңдарын  басшылыққа  алу

-Қазақстан  Республикасы   Үкіметінің  2021  жылғы   12  қазандағы №  726   қаулысымен  бекітілген  «Білімді   ұлт»  сапалы  білім   беру»  Ұлттық жобасына сәйкес тұлғаны  ұлттық және  жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде 

тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет. 

-Ұлттық  және   жалпыадамзаттық құндылықтарға   бағдарланған, функционалдық сауаттылық дағдылары бар және 

оны қоршаған болмыста бәсекеге қабілетті бола алатын білім алушы тұлғасының 

үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру. 

2022-2023 оқу  жылында   білім  беруді  ұйымдастыруда   келесі  міндеттерге 

назар аудару керек.

-2022-2023 оқу жылына арналған Нұсқау хатпен танысу 

5-11-сыныптар  аралығында   «Жаһандық  құзыреттер»  таңдау   курсын 

оқытуды жалғастыру

  Ұлттық   құндылықтар негізінде мектептің мәдени ортасын қалыптастыру

  Балалар жылына арналған іс-шараларды өткізу

  «Оқуға   құштар  мектеп», «Дебат  қозғалыстары», «Мектеп парламенті», 

«Балалар және театр» «Жылыжайлар» және т.б. жобаларын іске асыру


-Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру 

-Үлгерімі төмен білім алушылармен жеке жұмыс жүргізуді ұйымдастыру 

-Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға оқу бағдарламаларын бейімдеу 

-Білім алушылардың            білім   жетістіктеріне           мониторинг жүргізу  (4, 9 сыныптар)


-Мұғалімдерді пәндік құзіреттілік  курстарынан өтуге мүмкіндік жасау

-Іс әрекеттегі зерттеуді,Сабақты зерттеудің жүргізілуін жалғастыру

-Үздік іс-тәжірбиелерді тарату

-мектепшілік байқаулар ұйымдастыру

-Аудандық ,обылыстық кәсіби байқауларға қатысуға қолдау көрсету

-Аудан көлемінде семинар ұйымдастыру

-Білім платформаларымен жұмыс жүргізу

-Әр түрлі технологияларды қолданып нәтижесін көрсету