Педагог-дефектолог » Көктал-арасан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктал-арасан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 39-2-83
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог-дефектолог
01
февраль
2023

Педагог-дефектолог

Алматы облысы, Панфилов ауданы « Көктал- Арасан мектебі мектеп жанындағы 

50 орынды интернатымен» КММ









Педагог-дефектологтың 2022-2023 оқу   жылында атқарған жұмысына жазған анықтамасы







                                                      Педагог-дефектолог: Қ. Амирова








Педагог-дефектологтың 2022-2023 оқу  жылында атқарған жұмысына жазған АНЫҚТАМАСЫ

Жұмыстың мақсаты: оқушылардың бойындағы бұзылыстарын анықтап, олармен коррекциялық – педагогикалық жұмыс жүргізу.

Жұмыстың міндеті:

- Психикалық дамуы тежелген оқушыларды анықтау;

- Психикалық дамуы тежелген оқушылармен жұмыс жүргізу барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерді таңдау;

- Жеке жұмыс жасауда оқушының дамуын анықтау, бұзылыстың коррекциялық немесе компенсациялық жолын білу;

- Белгіленген оқушылардың психикалық дамуының динамикасын анықтау;

- Ата-аналармен, педагогтармен бірлесіп жұмыс жасау. Жұмыстың бағытын анықтау.


Педагог-дефектологтың жылдық жоспарға сәйкес жұмысының негізгі 5 бағыты:

- Диагностикалық;

- Түзету;

- Консультациялық;

- Ұйымдастырушылық;

- Әдістемелік,


Коррекциялық- дамыту жұмыстарының негізгі бағыттары:

- Сөздік қорын дамыту;

- Психомоторикасын дамыту;

- Қоршаған орта туралы түсінігін дамыту;

- Сенсорлық процесстерін дамыту;

- Танымдық қабілеттерін дамыту;

- Ұсақ моторикасын дамыту;

2022-2023 оқу  жылына арналған жылдық жоспар жасалды  қыркүйек айында 1-3 аптасында диагностикалық зерттеу жұмыстары жүргізілді, жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша  ОПМПК-ның  шешімінің негізінде, дефектологтың  түзете-дамыту сабағына 1 оқушы, тізімге алынды. Үйден оқытылатын оқушы Е.Есқали, сонымен қатар мектепшілік диагностикалық бақылаудың нәтижесінде, 1 сынып оқушысы Джексенбаева Гүлшатта ақыл-ой дамуында тежелу бар екендігі байқалып, Жаркент қаласының №3 облыстық психологиялық медициналық-педаготік консультациясына ұсыну жұмыстары жүргізілуде. Ата-анасының және сынып жетекшілерінің өтініші бойынша 5 оқушы тізімге алынды. 4сыныпта 9 оқушы бар оның ішінде 2 оқушы диагностикалық зертеуге сай дефектолог мұгалімнің тізіміне алынды. 3сыныпта 8 оқушы бар оның ішінде 2 оқушы дефектолг мұгалімнің тізіміне алынды. 2 сыныпта 5 оқушы оның ішінде 1 оқушы дефектолг мұғалімнің тізіміне алынды. Балалардың 1. Қабылдауын зертеу,1.1 көру арқылы қабылдауын, заттық гнозисі. 1. 2 Түстік гнозис 1.2  Есту арқылы қабылдау. Дыбыстық бағытын анықтау. 1.3 Кеңістік праксисі.1.4 Стереогноз 1.5 Конструкциялық праксисі т.б 2. Назарын зерттеу 2.1Назардың тұрақтылығын  Назардың ауыстыруы және назардың көлемін зерттеу. 3.Жадыны зерттеу 3.1  Көру жадысы 3.2 Естіп сөйлеу жадысын 3.3Моторлы жады 3.4 Сөздік логикалық жадын зерттеу.4.Ойлау қабілетін зерттеу 4.1Салыстыру 4.2 Бір сөзбен атау 4.3 Ұғымдағы артық затты алып тастау.4.4 Астарлы мағынасын түсінуі.4.5 Астарлы сөздерді түсінуі. 5.Қарапайым математикалық түсініктердің қалыптасуын зерттеу. Осы  бағыт бойынша диогностикалық бақылау өтті. Оқушыларда күделі ауытқу емес,білім алудағы уақытша кедергі ретінде кездескендіктен сынып жетекші мен пән мұғалімдерінің өздері де   түзете алады. Әр оқушы жыл бойы   бекітілген сабақ кестесі бойынша аптасына 2 рет келді. Әр сабақ 40-45 минут аралығында өтілді, сабаққа сабақ жоспарлары мен білімді игеруіне және дамуына арналған динамикалық  бақылау күнделігі жүргізіліп отырды.
             Бекітілген 5 оқушыға қабылдау қабілетіне байланысты жеке түзете-дамыту бағдарламасы құрылып, түзету сабақтары  жүргізілуде.  Жыл бойы инклюзивті оқытудағы оқушылардың жалпы танымдық әрекеттерін дамыту, сабаққа деген қызығушылақтарын ояту, берілген әрбір тапсырманы , нұсқаулықтарды дұрыс түсініп орындату мақсатында түрлі әдіс-тәсілдерді, әдістемелік құралдарды пайдаландым. Айтар болсақ, «Айырмашылығын тап»,  «Артық затты тап»,  «Суретшінің қатесін тап», «Не жетіспейді», «Суреттегі 10 айырмашылықты тап», «Қима суреттер,» «Пазл құрастыру »  мозайка, конструктор, моншақтар, ермексаз, «Мультикид» компьютерлік бағдарламасы және көптеген түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқушылармен біршама жетістікке жеттік.  



























Педагог-дефектолог:                 Қ. Амирова




























Даму динамикасы


р/с

Оқушының аты жөні

Өз ойын жеткізуі

Жазу дағдысы

Математикалық ұғымы

Қоршаған орта

Есте сақтау дамуы

1

Насырғазы Ербақыт

орташа

нашар

орташа

жақсы

төмен

2

Авамусалиев Мейрамбек

төмен

нашар

төмен

орташа

төмен

3

Насырғазы Каусар

жақсы

жақсы

орташа

орташа

орташа

4

Ахметжанов Дамир

төмен

нашар

жақсы

жақсы

төмен

5

Садикова Нулифер

орташа

жақсы

орташа

жақсы

орташа


І жарты жылдық қорытындысы


І жарты жылдық сабақтары өз ретімен жүргізілді. Алдағы тоқсандарда жылдық жоспар бойынша жұмыстар жасалады.








2022-2023 оқу жылына  педагог-дефектологтың SWOT-талдауы

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  1. «Soileu Ortalygy» түзету-дамыту орталығының «Дефектологиялық бағытындағы әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы     80 сағаттық курсынан өттім. 2022 ж
  2. Халықаралық «Өрлеу-Өркендеу» ғылыми-ақпараттық танымдық тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектеп дефектологтарына «Инклюзивті білім беру: орта білім беру мазмұнында жаңарту жағдайында ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту» атты практикалық конференцияға қатыстым.
  3. Тізімдегі оқушылармен түзету жұмыстарының нәтижесінде біршама жақсы нәтижеге жеттім.

1.Ерекше білім қажет ететін оқушыларға арналған оқулықтар мен жазу дәптерінің жетіспеушілігі

2.Кейбір ата-аналар тарапынан ОПМПК мамандарына кеңес алу үшін балаларын апарып көрсетпеуі

Мүмкіндіктері

Ұсыныс

Оқушыларға арналған түзету-дамыту, қолдың  ұсақ моторикасына арналған жаттығулар жасату. Ойлау, қабылдау, зейінін, елесін, қиялдауын дамытуға арналған     тапсырмалар беріліп отырды және оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландырдым.

Динамиканың сипатын анықтап, жұмыстың тиімділігін бағалау, сонымен қатар, одан әрі дамуға болжам жасап және әр оқушы үшін болашақ білім беру бағытын белгілеу. Дефектолог кабинетіне оқушының дамуына септігін тигізетін көрнекі құралдардың санын арттыру.