Педагог дефектологтың функционалдық міндеттері » Көктал-арасан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктал-арасан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 39-2-83
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог дефектологтың функционалдық міндеттері
05
сентябрь
2022

Педагог дефектологтың функционалдық міндеттері


2022 – 2023 оқу жылына арналған  дефектолог Амирова Қ.Ғ. функционалдық

Лауазымдық міндеттері:

  1. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымының, оның ішінде арнаулы мектептердің (мектеп-интернаттардың) арнаулы педагогы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді;
  2. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және тәрбиеленушілердің ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады;
  3. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық даму бұзылыстарын еңсеру үшін жеке оқу, Жеке-дамытушы, түзету-дамытушы бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)сабақтар өткізеді;
  4. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;
  5. Білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
  6. Басқа педагогтермен және мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, білім беруде инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді;
  7. Басқа педагогтармен және мамандармен тығыз байланыста мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту және әлеуметтендіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
  8. Тәрбиешілерге, адамдардың (балалардың) ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде консультация береді; 
  9. Жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және үлгілік оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлі нысандарын, білім беру технологияларын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады;
  10. Ерекше білім беру қажеттіліктерін командалық бағалауды жүргізуге қатысады;
  11. Жеке оқу, жеке-дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)өткізеді;
  12. Өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады;
  13. Әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
  14. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларға қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді;
  15. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
  16. Тәрбие процесі кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс:

       Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері:

      өмірлік қиын жағдайда қалған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттары;

      арнайы педагогика;

      оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздері;

      арнайы білім беру саласындағы жаңа жетістіктер;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.


Жоспарлайды және ұйымдастырады:

1. Кәсіптік әрекетін өзінің құзыреттілігінің аясында жүргізу.

2. Оқушыларды тексеру, олардың дамуындағы ауытқушылықтарының

құрылымы  мен  байқалу   айқындығын  анықтау,  дефектологиялық  тексеру

нәтижелері  бойынша  тұжырымдама   жасау  және  оларды   рұқсат  етілетін

көлемде  ата-аналарына және педагогтарға (оқушылар дамуындағы мәселелерде және оларды жеңуде бағдарлау мақсатында) жеткізу.

3. Зерде бұзылуын түзету үшін топтық және жеке сабақтар өткізеді. 

4. Мұғалімдермен және тәрбиеленушілермен тығыз байланыста жұмыс істейді, сабақтарға қатысады.
 5. 
Білім беру қызметкерлері, ата-аналар (заңды өкілдер) арасында дефектологиялық білімді насихаттау, педагогикалық кеңестерде, ата-аналар жиналыстарында дефектологтік жұмыс міндеттері, мазмұны, ерекшелігі, балалардың зерде бұзылуларының алдын алу және жоба бойынша дефектологтік түзетулер ерекшеліктері, олардың мектептегі үлгермеушілігінің алдын алу бойынша баяндама жасау және т. б.

6.  Түзету  жұмысының   міндеттерін,  формасын,  тәсілдерін   анықтау, зерде бұзылыстардың салдарынан туындауы мүмкін туынды бұзылыстардың алдын алу, оқушылардың дамуындағы жүйкелік-психикалық ауытқушылықтарды  жеңу,   зерде бұзылыстарды  барынша  түзетуге бағытталған  жеке   даму  бағдарламасы  аясындағы   түзете  дамыту  жұмысын жүргізу; оқушылардың ары қарай  қоғамда бейімделуін қамтамасыз ету.

7. Балаларды  ПМПК-ке, психологиялық, медициналық орталықтарға (қажет болған жағдайда) жіберу.

8.  Сабақ  өткізу   үшін  оқушыларды  психофизикалық,  және     зерде бұзылысын есепке ала отырып, топтастыру. 

9. Болжау, жоспарлау және ұйымдастыру:

-  түзете  дамыту   жұмысының  жеке  бағдарламаларын  ресурстық қамсыздандыру;

- зерде бұзылыстары бар балалар туралы ақпаратты  жинау және қорландыру;

- оқушылармен түзете дамыту жұмысының жеке бағдарламасын жүзеге асыруды мониторигілеу жүйесі;

-  түзете дамыта оқыту саласында қабылданған шешімдерді орындау.

10. Зерде бұзылысы бар оқушылардың сабақтарына қатысу.

11. Дефектологиялық  жұмысқа   анализ жасау, қорытындылау.

12. Ата-аналарға  профилактикалық ағарту жұмыстарын жүргізу.

13.Дефектология және психологиялық қызметтің жүргізілуін бақылау. 

14. Әкімшілік бойынша мектепшілік кезекшілікті дүйсенбі күні атқару.



  Таныстым:    дефектолог                                                  Амирова К.Ғ