2021-2022оқу жылында атқарылған тәрбие жұмысына талдау » Көктал-арасан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктал-арасан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 39-2-83
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022оқу жылында атқарылған тәрбие жұмысына талдау
09
июль
2023

2021-2022оқу жылында атқарылған тәрбие жұмысына талдау

2021-2022оқу жылында  атқарылған тәрбие жұмысына талдау 


Мазмұны

І – тарау: Нормативтік-құқықтық актілер

2 – тарау: Тәрбие жұмысын жоспарлау

3 – тарау: Тәрбие жұмысының мектепшілік бақылау кешені

4  – тарау: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу

5  – тарау: Патриоттық тәрбие

6 – тарау: Кәсіби бағдар 

7  – тарау: Оқушылардың сабақтан тыс уақыттарын қамту

8 – тарау: Ата-аналармен жұмыс

9 – тарау: Оқушылардың өзін- өзі басқаруы

10– тарау: Оқушылардың салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру

11– тарау:Сынып жетекшілер бірлестігі

12– тарау: ҮЕҰ –мен жұмыс істеу

13– тарау: Діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу


І – тарау: Нормативтік-құқықтық актілер

     Тәрбие   жұмысын  ұйымдастырудың  негізгі   нормативтік  құқықтық құжаттары толығымен жинақталды

2 – тарау: Тәрбие жұмысын жоспарлау 

       Тәрбие жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін тәрбие жұмыс жоспарыдағы іс-шаралар өз уақытында өткізілуде 

Тәрбиенің 8 басым бағыттары бойынша жүзеге асырылған іс-шаралар.

      Тәрбие жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін тәрбие жұмыс жоспары  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған «Құндылықтарға негізделген білім беру  жобасын» басшылыққа ала  отырып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2020 жылғы 6 сәуірдегі  № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі  2021 жылғы 16 қыркүйектегі  № 472 бұйрығын басшылыққа ала отырып тәрбие жоспарлары бекітілді.мектепішлік тәрбие жұмысының іс-шаралар жоспары жасалынып, бекітілді. 

       30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай ұйымдастырылған «Ата заңым-қуатым» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. 

     Мақсаты: Конституция туралы мағлұмат бере отырып, мемлекеттілігізді нығайту, ел экономикасын өркендету. Тәуелсіз Қазақстан елінің Ата заңын қадірлеп, құрметтеуге шақыру. Көрмені таныстыру барысында кітапханашы қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту, еліміздің халықаралық абыройын асқақтату үшін көп жұмыс атқарылғаны туралы айтып өтті. Соның ішіндегі ең маңыздысы – осы жылдар бойы Республикамызда бейбітшілік пен халықаралық татулықтың сақталуы екендігіне баса назар аударды.

       Білім Күні мерекесі – патриоттық және идеологиялық маңызы бар, жаңа оқу жылындағы бірінші тәрбиелік іс-шарасы. «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында 1 сынып оқушыларына арналған салтанатты іс шара ұйымдастырылып, 1 сынып оқушыларына әліппе таратылды. 



2-11 сыныптарда «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттар өз деңгейінде өтті.


   «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында Қ.Түгелбаев дөңгелек үстел өткізді.

    Мақсаты: Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, өзінің бойындағы қасиетің тануға жетелеу, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.


  Қазақтың   аса  көрнекті  ағартушы-педагогі  Ыбырай   Алтынсариннің туғанына – 180 жыл толуына байланысты Қ.Ноғаева 3-сынып оқушыларымен тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты: Сыни тұрғысынан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге, өзіндік пікірін қалыптастыруға  дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру.










Қазақтың әйгілі күйші-композиторы, Қазақстанның халық әртісі   Дина Нұрпейісованың туғанына – 160 жыл толуына орай тәрбие сағатын Б.Есіркеева ұйымдастырды.

Мақсаты: Дина Нұрпейісованың өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыру. 









    «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында презинтация сабағын 6-сынып оқушыларымен А.Құрманжанова  өткізді.                                                                                                                                           

    Мақсаты: қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру.

      «Жылдың үздік жанұясы» тақырыбында отбасылық сайыс сабағы 4- сынып оқушыларымен М.Абдархманова ұйымдастырды. 

    Мақсаты: білімділікке, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу.







     Семей ядролық полигонының жабылуына – 30 жылдығына орай Түгелбаев тәрбие сағатын ұйымдастырды Мақсаты: Оқушыларға Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәліметтер беру. 









     Э.Құмарбекова  «Табиғатым- тал бесігім» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.                                            

     Мақсаты: оқушылардың санасына қоршаған ортаға туған өлке табиғатына деген сүйіспеншілікті және табиғат құбылысында болатын амалдар туралы түсінік қалыптастыру.






      М.Абдрахманова А.Байтұрсыновтың туғанына 150- жыл толуына орай  «А.Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында тәрбие сағатын ұйымдастырды.                                                                         

    Мақсаты: А.Байтұрсыновтың шығармашылығы, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. 





     Қазақтың  лирик ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай «Әр өлеңі- бір әлем» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.                                                                                              

     Мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған М.Мақатаевтың шығармашылығына шолу жасау, поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, ақын сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну. 



     Қ.Ноғаева «Мен бақытты баламын» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. 

      Мақсаты: Бақыт ұғымының шексіздігін ұғындыру. Бақытты бағалауға тәрбиелеу. Бақыт, қуаныш, сүйіспеншілік құндылықтарының мағынасын түсіндіру.    

  Б.Есіркеева «Жемқорлық қоғам індеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 

     Мақсаты: Рухани-адамгершілік және азаматтық- патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске қосу, саяси-құқықтық білімді қалыптастыру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез –құлқының адамгершілік –этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру








      1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту -парызым!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 

     Мақсаты: балаларды рухани байлықтың көзі – алғыс сөздерімен таныстыру, алғыс сөздердің адамның ішкі дүниесінің өсуіне және адамдар арасындағы келісімге жақсы әсер ететініне көз жеткізу. Терең ойлау қаблеттерін дамыту.








     8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай « Ана – өмірдің шуағы» тақырыбында әр сыныпта сынып сағаттары өткізілді. 

     Мақсаты: Анаға деген  сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізе білуге үйрету .Нәзік сезіммен баяу  үнмен айта білуге  жаттықтыру .Мейірімділікке сый құрметке тәрбиелеу. Баланың эмоциясын,  сезімін ояту, оқушылардың ән айту дағдысын ,музыка тыңдауға , музыкалық сауатын меңгеруге үйрету.



Қ.Ноғаева ата- аналар арасында «Асыл жанды аналар» тақырыбында сайыс өткізді.     

     Мақсаты:Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту.Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

    М.Мырзахметова 2-сынып оқушыларымен «Мен білімді баламын» тақырыбында зияькерлік ойын ұйымдастырды.                                                                                                                                                        

    Мақсаты: өздігінен жұмыс істей білуге, ой өрісін дамытуға, қорытынды шығаруға машықтандыру, есте сақтау қаблеттерін дамыту. 





     Этнограф,   өнертанушы,  әдебиетші,  журналист,   қоғам  қайраткері Ақселеу Сейдімбектің туғанына – 80 жыл толыуны орай Ж.Нұршекова тәрбие сағатын өткізді.

    Мақсаты: Ақселеу Сейдімбектің шығармашылығы, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.










   «Дені саудың-жаны сау» тақырыбында 1-сынып оқушыларымен Э.Құмарбекова тәрбие сағатын өткізді.

   Мақсаты: оқушылар арасында өзара бірлесе қимыл жасауды дамыту, адамгершілік қарым-қатынасты нығайту. Оқушыларды бір ортақ мақатқа жұмыла білуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл- әрекетке жаттықтыру.












Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез- құлықтың алдын алу бойынша  2019 – 2021 жылдарға арналған Кешенді жоспарының жүзеге асырылуы мақсатында атқарылған іс-шаралар

     Зұлымдықты, зорлық-зомбылықты,  өзіне-өзі  қол   жұмсауды,  порнографияны , есірткі заттарын, психотроптық  құралдар  мен прекурсорларды  насихаттайтын   интернет-ресурстарын бақылау мақсатында айдың аяғында сынып жетекшілер тексеру жұмыстарын жүргізіп анықтама жазады. Сол анықтама негізінде ай сайын маниторинг жасалып, керекті орындарға мәлімет беріліп отырылады.

Кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың, құқық бұзушылықтардың, суицидтің алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, психологиялық жаттығу өткізілді.

Мақсаты: оқушылар арсында жағымды қарым- қатынас орнату, бірін- бірі сыйлауға, адалдыққа баулу.









Өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға қолдау көмек көрсету мақсатында «Біз біргеміз» атты акция ұйымдастырылды. Акция  барысында Оразалы Әділет, Насырғазы Ербақыттың отбасына көмек көрсетілді.













     «Біз- өмірді сүйеміз» тақырыбында 2-11 сыныптар арасында сынып сағаты өткізілді. 

      Мақсаты: өмірге деген құштарлықтарын,   қызығушылықтарын ояту. Өмірдің мәі туралы ой пікірлерін ортаға салу. Өмірге жақсы көз қараспен қарауға, бағалай білуге тәрбиелеу, өмірден өз орнын таба білуге үйрету.













Кәмілетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша 2020-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспарының жүзеге асырылуы мақсатында атқырылған іс-шаралар

   Мектепте жалпы камера саны- 16. іште-10 камера, сыртта-6 камера. Камера түрі- сандық . Жазба 30 күн сақталады. 1 монитор бар. Мониторда-16 камера орнатылған.  

   «Діни таным мен білім негіздері» тақырыбында сынып сағаты А.Масалім өткізілді.

    Мақсаты: Ортағасырлық Қазақстандағы әр түрлі діни наным. Оқушылардың рухани дүниесін дамыту Оқушыларды адамгершілікке,имандалыққа тәрбиелеу

     «Зиянды әдеттен аулақ бол!»  тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: темекі мен ішімдіктің зиянын оқушыларға түсіндіру;   қазіргі қоғам талабына сай салауатты,білімді ұрпақ тәрбиелеу, осы зиянды заттардың салдары туралы білімін   кеңейту,оқушының ой-пікірін ортаға салу.


     Әртүрлі   деңгейдегі  (жер асты және жер үсті) жаяу жүргінші өткелдерін және әртүрлі деңгейдегі көліктік  жол айрықтарын салуды, сондай-ақ жол  қиылыстарына   арналанған  белгілер пікірсайыс ұйымдастырылды.

«Назар аударыңыз, балалар!», «Автобус», «Қауіпсіз жол», «Жасөспірім», «Сіріңке – бір өмірдің бағасы» тақырыптарында сынып сағаттарын  сынып жетекшілер өткізді. Мақсаты: қауіпсіздік ережесін сақтай білудің маңыздылығын түсіндіру. Түрлі жазатайым апаттың алдын алуға болатыны туралы түсінік беру.




Балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасындағы суицидтік әрекеттердің алдын алу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған Кешенді жоспарының жүзеге асырылуы мақсатында атқырылған іс-шаралар

Балалардың құқықтарын қорғау және құқытық сауаттылықта арттыру мақсатында 1-11 сыныптарда құқықтықоқулар әр айдың 3 аптасына ұйымдастырылған. Сынып жетекшілерде жоспарлары жасалып, әр өткізілген тақырыптарға анықтама жазылған.                                                               

«ЖИТС – ғасыр дерті» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. 

Мақсаты: Оқушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру




Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда мектеп ғимаратынан қауіпсіз орынға көшіру бойынша практикалық жаттығулар (оқу эвакуациясы) тоқсанына екі рет ұйымдастырылады. Әр сыныпта сынып сағаттары өткізілді.
















Психоэмоциялық мінез-құлық тұрғысынан балаларға психодиагностика жүргізу тест тапсырмалары өткізілді.

    Балалардың жағымсыз сайттарға кіруін қадағалау бойынша ата-аналарға арналған «Ата-ана бақылауы» тақырыбында түсіндіру жүмыстары жүргізілді. Ата-аналарға балаларын қалай қадағалау болатындығы туралы ереже таратылды.

Зұлымдықты, зорлық-зомбылықты,   өзіне-өзі  қол  жұмсауды,   порнографияны  есірткі заттарын, психотроптық  құралдар  мен прекурсорларды  насихаттайтын   интернет-ресурстарын бақылау әр айдың аяғында сынып жетекшілер оқушылардың интернет-ресурстарына бақылау жүргізіп, келеңсіз жағдайлар анықталмағаны туралы жазбаша анықтама өткізеді. Талап еткен орынға  мәлімет уақытында беріліп тұрады.

Азаматтық қорғаныс күніне байланысты О.Иманбеков Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда мектеп ғимаратынан қауіпсіз орынға көшіру бойынша практикалық жаттығулар (оқу эвакуациясы) арнайы өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелері ұйымдастырды. Сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Нұршекова Ж оқушылар арасында сурет көрмесін ұйымдастырды 










«Ауған асуында от кешкендер» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен О.Иманбеков, А.Джакупбекова кездесу ұйымдастырды. Мақсаты:  Оқушыларды 15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне 31 жыл толуына орай қазақстандықтардың, ерлік істерімен таныстыру, ой-өрісін дамыту.Адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге баулу.


«Елбасы- ел тірегі» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мақсаты: Қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың  өмір   жолы,туып-өскен,оқып  білім  алған ,қызмет   еткен жерлері   туралы  мағлұмат   беру. Елбасының  өмір жолынан үлгі ала  отырып Отанын ,халқын  сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа,                  патриоттық  сезімге   тәрбиелеу.









Б.Тұрлыбекова мектепалды дярлық тобымен «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісін қойды. Мақсаты: Окушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.







     Жаңа жылда атқарылған іс-шаралар. Көп балалы, аз қамтылған, үйден оқитын оқушыларға  демеушілер атынан тәтілер, аудан әкімі шыршасынан сыйлықтар таратылды.

















«Оқуға құштар мектеп»  жобасы аясында М.Мырзахметова 2-сынып оқушыларымен «Мақал- мәтел» сайысын өткізді.

Мақсаты: оқушыларды халқымыздың асыл сөздері мақал-мәтелдерді жаттай білуге, күнделікті ауызекі сөйлеу тілдеріне қолдана білуге баулу.


Қазақ  ақыны, әдебиеттанушы ғалым,  түркі-танушы,   публицист, педагог, аудармашы,   қоғам  қайраткері  Ахмет Байтұрсынұлының  туғанына   – 150 жыл  Ж.Нұршекова 5-сынып оқушыларымен өткізді. 









Оқушылар ақын, жазушы, драмматург, публицист, аудармашы Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығымен танысып әр оқушы бір өлеңін жатқа оқып шықты.







    «Оқуға құштар мектеп»  жобасы аясында  Э.Құмарбекова «Әлемнің қызықты жұмбақтары» тақырыбында 1–сынып оқушыларымен сайыс өткізді. Мақсаты: Оқушыларды халқымыздың асыл сөздерін жаттай білуге, оны күнделікті ауызекі сөйлеу тілдеріне қолдана білуге баулу. Қызықты жұмбақтары шеше білуге, ойлау қаблеттерін кеңейтуге дағдыландыру.










     «Әділ сөйлеп, адал жүр» тақырыбында Б.Есіркеева 9-сынып оқушыларымен Қожа Ахмет Йасауи  шыңармашылығына талдау жасады.











«Жібімізді түзейік  Абайды оқып» А.Құрманжанова 6-сынып оқушыларымен Абай Құнанбайұлының шығармашылығымен өлеңдерімен таныстырып өтті.










      «Кел, балалар, оқылық!» жоба М.Абдрахманова 4-сынып оқушыларымен  Қазақтың  аса   көрнекті  ағартушы-педагогі  Ыбырай   Алтынсариннің әңгімелеріне шолу жасады.











А.Панчар 8-сынып оқушыларымен Ақын, жазушы, драмматург, публицист, аудармашы Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат беру, сыни ойлау дағдыларын қалыптастырумқсатында тәрбие сағатын өткізді. 


     М.Абдрахманова 4-сынып оқушыларымен «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында танымдық сабақ өткізді.мақсаты: Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту


  «Әділ сөйлеп, адал жүр» тақырыбында Б.Есіркеева 9-сынып оқушыларымен Қожа Ахмет Ясауи  шыңармашылығына талдау жасады. Мақсаты:  түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының байырға мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, пәлсапашы туралы мағлұматтар алу.


Э.Құмарбекова «Әлемнің қызықты жұмбақтары» тақырыбында 1–сынып оқушыларымен сайыс өткізді. Мақсаты: Оқушыларды халқымыздың асыл сөздерін жаттай білуге, оны күнделікті ауызекі сөйлеу тілдеріне қолдана білуге баулу. Қызықты жұмбақтары шеше білуге, ойлау қаблеттерін кеңейтуге дағдыландыру








Қ.Ноғаева 3- сынып оқушыларымен «Мысалдар әлеміне саяхат» тақырыбында оқушылар мысалдардан үзінділер көрсете білді.


3 – тарау: Тәрбие жұмысының мектепшілік бақылау кешені

     Тәрбие үрдісінің процесін, өткізілген іс-шаралардың сапасын бақылау жоспары жасалынды. Қыркүйек, қазан айларында оқушылардың күнделіктері тексерілді. Анықталған кемшіліктер:  мұғалімдердің аты-жөндері, үй тапсырмалары, пән аттары қате жазылған. Сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексеріліп, кеткен кемшіліктер бойынша  түзету жұмыстары жүргізілді.

      Тәрбие үрдісінің процесін, өткізілген іс-шаралардың сапасын бақылау жоспары жасалынды. Сынып жетекшілер жұмысын бақылау мақсатында тәрбие жоспарының  жұмыс жүйесі тексерілді 

  1. Сынып жетекшінің тәрбие жоспары, айлық, апталық жоспарлары бар. Қ.Түгелбаев, У.Өмали, А.Джакупбековада толық емес
  2. Сыныптың әлеуметтік паспорты жасалған
  3. Сыныптың педагогикалық, әлеуметтік, психологиялық, дене зертеулерін жүргізу материалдары бар 
  4. Ата-аналармен жұмыс жоспарлары бірдей, хаттамалары дұрыс емес
  5. Сыныппен өткізілген тәрбие іс-шаралары, анықтамалары толық емес
  6. Тәрбие жұмысының апталық, айлық, тоқсандық анықтамалары
  7. Құқықтық оқу жоспары, анықтамалар
  8. Сынып сағатының жоспары 

Қ.Түгелбаев, У.Өмали, А.Джакупбековада толық емес                                                                                                           Оқушылардың күнделіктері тексерілді.Кемшіліктер анықталып  түзету жұмыстары жүргізілді.

Оқушы күнделігін тексеру Ағымдағы бақылау бойынша тексерілді:

  1. Оқушы туралы мәлімет
  2. Оқушының аты-жөні мен пән аттары
  3. Күнделіктегі сабақ кестесі
  4. Сынып жетекшінің, ата-ананың қолы
  5. Күнделіктегі үй тапсырмалары
  6. Ата-анаға ескертпелер
  7. Оқушының оқу үлгерімі және тәртібі туралы мәлімет

    1-11 сыныптардың күнделіктері толығымен тексерілді. Тексеру барысында анықталға кемшіліктер пән аттары мен үй тапсырмаларында қателіктер кездесті. Ата-аналарға ескертпелер аз жазылған.

    Оқушылардың сабаққа келуін бақылау күнделікті тексеріледі. Бақылау кезінде Қулакова Баян, Мақұлбеков Өміржан 6-сынып, Кулаков Жанболат 3-сынып, Бақытжанқызы Нұрай 10-сынып осы аталған оқушылардың сынып жетекшілерімен ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сыныптардағы тәрбие сағаттарының өтілуін бақылау. Бақылау барысында тәрбие сағаттарының бір сарынды өтілетіндігі байқалады. Ол жердегі тәрбие сағатының өтілу жоспары, оқушылардың дайындығы,   сыныптың безендірілуі орташа деңгейде болды.

Сынып жетекшілердің ата-анамен жұмыстары тексерілді. Тексеру барысында анықталған кемшіліктер хаттамалар толық емес, сыныптың ата-аналар комитеті сайланбаған, папка жүйелі жинақталмаған.

4  – тарау: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу

      Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

22 қыркүйек күні 8-11 сынып оқушылары және мұғалімдері арасында құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесу жиыны болып өтті. Жиынға Панфилов АПБ-нің ЖПҚБ ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Емеркоджиев Ернур ЕрмекұлыПанфилов АПБ-нің ЖПҚБ ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Нұрлаби Талшын Нұрлабиқызы.Мектеп әкімшілігі қатысты.

 Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесін құру туралы бұйрық шығарылып, жылдық жоспары жасалды. Әр сыныптың құқықтық оқу жоспарлары жасалды. Ата-аналармен, мұғалімдермен бірлесіп өткізілетін рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады.

Мектепішілік және аудандық басқармалардың есебінде тұратын оқушылар жоқ. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылары балалары, толық емес, өгей әке немесе өгей анасымен тұрып жатқан отбасы балалары туралы деректер жинақталып, мектептің, оқушылардың әлеуметтік картасы жасалды.

Анықталған кемшілік «Полицияның жас көмекшілері» тобы құрылмады.

      Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің отырысы ай сайын жоспарланып өткізіліп тұрады.   . Әр сыныпта, ата-аналармен, мұғалімдер арасында  құқықтық оқулар өткізіледі. Ата-аналармен, мұғалімдер бірлесіп мерекелік күндерде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырады.

Қауіпті әлеуметтік жағдайда қалуына байланысты мектепішілік және аудандық басқарманың есебінде тұратын оқушылар Русланов Альсамир 8-сынып, Авамусалиев Мейрамбек 3-сынып, Айтбаева Аружан 8-сынып 









5  – тарау: Патриоттық тәрбие


Мәдени- тарихи даталарға байланысты

  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл,
  •  Семей ядролық полигонының жабылуына – 30 жыл;
  • Қазақтың  аса  көрнекті   ағартушы-педагогі  Ыбырай  Алтынсариннің туғанына – 180 жыл;
  • Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл;
  • Қазақтың әйгілі күйші-композиторы, Қазақстанның халық әртісі  Дина Нұрпейісованың туғанына – 160 жыл;
  •  Көрнекті  қоғам   және  мемлекет  қайраткері,   Алаш  қозғалысының жетекшісі, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның туғанына  –  155 жыл; 
  • Қазақ  ақыны,  әдебиеттанушы   ғалым,  түркітанушы,  публицист, педагог,  аудармашы,   қоғам  қайраткері  Ахмет   Байтұрсынұлының  туғанына  –150 жыл;
  • Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл;
  •  Этнограф,  өнертанушы,  әдебиетші,   журналист,  қоғам  қайраткері Ақселеу Сейдімбектің туғанына – 80 жыл.

Жоғарыда аталған мәдени іс-шараларды сынып жетекшілер тәрбие жоспарларына енгізіп, өз уақытында өткізіп отыр.


6 – тарау: Кәсіби бағдар 

      Мектеп оқушыларына арналған  кәсіби бағдарлауға арналған бұрыштар мен стендтер, мамандықтардың ерекшеліктері мен түрлері туралы мәліметтер жүзеге аспады. Кәсіби бағдар іс-шаралар жоспары жасалып, алдағы уақытта бұрыштар мен стендтер кездесулер мен сынып сағаттары жоспарлануда. Мектеп оқушыларына арналған  кәсіби бағдарлауға арналған бұрыштар мен стендтер, мамандықтардың ерекшеліктері мен түрлері туралы мәліметтер бұрыштар жасалды. 5-7 сыныптар арасында «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында өз дер армандаған мамандығы туралы суреттерін салды.






      Кәсіби бағдарлауға арналған мамандықтардың ерекшеліктері мен түрлері туралы бұрыштар жасалды. 9-11 сыныптар арасында Қ.Түгелбаев «Менің болашақ мамандығым туралы арманым» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері,  мамандықтар тобы, кластары, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру.









   Балалар мен жастарға арналған адам құқықтары, анти-буллинг семинары өткізілді. "Мен ... мамандықты таңдаймын" тақырыбында ақпараттық көрме ұйымдастырылды. 



7  – тарау: Оқушылардың сабақтан тыс уақыттарын қамту

       Оқушылардың сабақтан тыс уақыттарын қамту мақсатында ақысыз үйілмелер ұйымдастырылып, бұйрықпен бекітілді. Үйірменің мақсаты мен міндеттері, сағат саны мен өткізілетін күндері көрсетілген күнтізбелік жоспар, оқушылар тізімі   мектеп директорымен бекітілді. Үйірме жұмысының жүргізілуі журналы толтырылды. Алайда  М.Абдрахманова «Әріптер әлемі», Қ.Ноғаева «Қызықты математика», М.Мырзахметова «В гостях у сказки», А.Нақысбеков «Дойбы үйірмесі», «Баскетбол» Ж.Нүршекова «Шебер қолдар» үйірме жұмысының жүргізілуі журналына толтырылмаған.

    Мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында құрылған «Адал ұрпақ»  ерікті мектеп клубы жұмыс жасауда.

Қ.Ноғаева 3- сынып оқушыларымен «Қызыл телпек» ертегісін қойылым ретінде көрсетті.












8 – тарау: Ата-аналармен жұмыс

      Мектепшілік жалпы ата-аналар комитетінің жұмыс жоспары құрылып, жаңа құрамы сайланды. Қыркүйек айында  жалпы ата-аналар жиналысы  өткізіліп, хаттамасы жазылды. Ата-аналарға арналған құқықтық оқыту айлығы жоспарланып Қ.Түгелбаевқа жүктелді.Сыныптар бойынша ата-аналар отырысының жоспары жасалып, хаттамалары жазылды.


9 – тарау: Оқушылардың өзін- өзі басқаруы

      Балалар бірлестігінің, қоғамдастықтың жұмысын реттейтің кешенді бағдарламасын басшылыққа ала отырып, Республикалық «Жас Ұлан», «Жас Қыран» және Жастар ұйымы жұмыстарын өз деңгейінде атқаруда.  Жетекшісі Е.Бекболатова, Э.Құмарбекова


10– тарау: Оқушылардың салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру

    Оқушылардың салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру мақсатында мектеп мейірбикесінің салауатты өмір салды дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жұмыс жоспары жасалды. Салауатты өмір салтын насихаттайтын стендтер мен бұрыштар безендірілген 

     Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай спорттық ойындар ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптар арсында эстафеталық ойын өткізілді.










   Жоғарғы сыныптар арасында валейболдан жарыс ұйымдастырылды.














Жоғарғы сыныптар арасында әсери спорттық ойын  ұйымдастырылды.










    Оқушылардың салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру мақсатына  бағытталған жұмыс жасалуда. Мақсаты: жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және сапалы білімін келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу. Оқушыларымыз аймақтық, аудандық спорттық жарыстарға қатысып жүлделі орындарды иеленді.




11– тарау:Сынып жетекшілер бірлестігі

        Тәрбие процесіндегі басты тұлға - педагогикалық кеңістікте баламен тығыз байланыста болатын сынып жетекшісі болып табылады. Сынып жетекшісінің міндеті кең, оның басты міндеті әрбір баланың барынша дамуы үшін жағдай жасау болып табылады. Бұл ұжымның және оның мүшелерінің күнделікті өмірін, ата-аналар мен басқа педагогтермен өзара әрекеттесуін, іс-шараларды ұйымдастыру және оларға жеке қатысуын бақылау мен талдау.

Сонымен қатар сынып жетекшілер төменденгідей бекітілді.

Мектепалды даярлық тобы – Турлыбекова Бота

1- сынып    Құмарбекова Эльмира

2- сынып     Мырзахметова Мира 

3- сынып    Ноғаева Құралай 

4- сынып    Абдрахманова Мөлдір

5- сынып    Нұршекова Жұлдыз

6- сынып    Құрманжанова Ақниет

7- сынып    Өмали Уали

8- сынып    Масалім Айгерім

9- сынып    Есіркеева Балқия

10- сынып    Джакупбекова Ақерке

11 -сынып    Түгелбаев Қуандық

     Сынып жетекшілердің жұмыс жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2020 жылғы 6 сәуірдегі                 № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі  2021 жылғы                        16 қыркүйектегі  № 472 бұйрығын басшылыққа ала отырып тәрбие жоспарлары бекітілді. Әр сынып жетекшілерге қажетті құжаттар ретке келтірілді. Атап айтқанда

  1. Сынып жетекшінің тәрбие жоспары
  2. Сыныптың әлеуметтік паспорты
  3. Сыныптың педагогикалық, әлеуметтік, психологиялық, дене зертеулерін жүргізу материалдары
  4. Ата-аналармен жұмыс
  5. Балалармен тәрбие іс-шараларын өткізу
  6. Әдістемелік жұмыс жүргізу
  7. Тәрбие жұмысын талдау
  8. Сынып журналын жүргізу
  9. Құқықтық оқу
  10. Сынып сағатының жоспары

Сынып жетекшілер бірлестігінде 11 сынып жетекші жұмыс жасайды. Сынып жетекшілер бірлестігінің жұмыс жоспары жасалды. Хаттамасы жазылды.  Әр аптаның бірінші күні сынып жетекшілер бірлестігінің отырысы өткізіледі. Осы отырыста апта бойы атқарылған жұмыстар талқыланады. Кетекен кемшіліктер бойынша түзету жұмыстары жүргізіледі. 

12– тарау: Діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу

Діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу бойынша дінтану пәнінің мұғалімі А.Рахалиева бекітіліп, іс-шара  жоспары жасалынды.  Мектеп бойынша діни бірлестіктерге қатысатын оқушылар мен отбасы туралы мәліметтер, орамал тағатын оқушы қыз балалар анықталған жоқ. Мектепте оқушылар толығымен мекетеп формасын сақтайды. Адандық есепте бір оқушы Қазыхан Алмас тіркелген болатын. 



   «Өмір- қымбатсың маған!»  тақырыбында   Ж.Нұршекова 5-сынып оқушыларымен Қойылым сабағын көрсетті. Мақсаты: өмірге деген құштарлықты, қызығушылықты ояту, өмірдің мәні туралы ой пікірлерін айта білуге үйрету.










Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін насихаттау мақсатында «Тағдыры тарих- тал бесік» тақырыбында  Қ.Түгелбаев, Б.Есіркеева  9-11 сынып оқушыларымен  дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Оқушыларды мемлекеттік рәміздердің шығу тарихымен таныстыру, оларды отаншылдық рухта тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеуге шақыру.










     М.Абдархманова сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларды мемлекеттік рәміздердің шығу тарихымен таныстыру, оларды отаншылдық рухта тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеуге шақыру.










Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай 22 қараша мен 20 желтоқсан аралығында айлық жарияланып, жоспары жасалынды. Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Кітапханашы Б.Есіркеева «Елбасы мұраты-Ел бақыты» атты тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырды. 









У.Өмалидың ұйымдастыруымен 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты презентация 5-7 сыныптарға көрсетілді. 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай мектепте «Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім» атты тақырыпта қабырға газеттері ұйымдастырылды. 

Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай білім алушылардың ұлттық құндылықтарын қалыптастыру, патриоттық жан жақты тәрбиелеу. 2-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Белсенділік көрсеткен сыныптар марапатталды.







Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Біз Жас Ұлан-Елбасының тірегі» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. 












Б.Есіркеева «Желтоқсан толқындары» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» конференция сабағы өткізілді. Жауапты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К.Рахимова мен мектеп кітапханашысы Б.Есіркеева.






У.Өмали «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» атты тақырыпта интеллектуалды ойын ұйымдастырып, өткізді. 

Қ.Тугелбаев Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік пен жасампаздық жылдары» тақырыбында  дөңгелек үстел ұйымдастырды. 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Еркіндік-ежелден ел тілегі» тақырыбында 1, 5 сынып оқушылары «Жас Ұлан, Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданды. Салтанатты жиын соңында мектептің Жастар ұйымының «Желтоқсан жаңғырығы» атты тақырыпта әдеби сахналық қойылым ұйымдастырылды. 







    Мереке күндері, жазғы демалыс кезінде 1-11 сынып оқушыларына төтенше жағдайлар мен оқыс оқиғалардың алдын-алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Бала қауіпсіздігі- басты назарда» тақырыбында сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді.      

















1 тоқсан

анықтамалар

жоспарлар

күнделік

Тәрбие сағаттары

Сынып тазалығы

құжаттар

балл

Э.Құмарбекова

10

10

10

2

5

9

46

М.Мырзахметова

10

10

9

5

5

9

48

Қ.Ноғаева

10

10

8

5

6

9

48

М.Абдрахманова

10

10

7

2

6

9

44

Ж.Нұршекова

10

10

7

4

4

8

43

А.Құрманжанова

9

10

6

1

3

8

37

У.Өмали

2

5

7

1

4

2

41

А.Масалім

10

10

8

1

3

9

41

Б.Есіркеева

10

10

8

5

4

9

46

А.Джакупбекова

3

9

7

0

5

4

28

Қ.Түгелбаев

4

6

9

2

4

2

27


2 тоқсан

анықтамалар

жоспарлар

күнделік

Тәрбие сағаттары

Сынып тазалығы

құжаттар

балл

Э.Құмарбекова

10

10

10

3

5

9

47

М.Мырзахметова

10

10

9

3

5

9

46

Қ.Ноғаева

10

10

8

7

6

9

50

М.Абдрахманова

10

10

8

2

6

9

45

Ж.Нұршекова

7

7

7

6

4

8

39

А.Құрманжанова

4

4

6

2

3

8

27

У.Өмали

0

0

7

1

4

2

14

А.Масалім

4

4

8

5

3

9

33

Б.Есіркеева

10

10

8

4

4

9

45

А.Джакупбекова

0

0

6

2

5

4

17

Қ.Түгелбаев

0

0

9

2

4

2

17


3 тоқсан

анықтамалар

жоспарлар

күнделік

Тәрбие сағаттары

Сынып тазалығы

құжаттар

балл

Э.Құмарбекова

10

10

10

3

5

9

47

М.Мырзахметова

10

10

9

3

5

9

46

Қ.Ноғаева

10

10

8

7

6

9

50

М.Абдрахманова

10

10

8

2

6

9

45

Ж.Нұршекова

7

7

7

6

4

8

39

А.Құрманжанова

4

4

6

2

3

8

27

У.Өмали

0

0

7

1

4

2

14

А.Масалім

4

4

8

5

3

9

33

Б.Есіркеева

10

10

8

4

4

9

45

А.Джакупбекова

0

0

6

2

5

4

17

Қ.Түгелбаев

0

0

9

2

4

2

17


4 тоқсан

анықтамалар

жоспарлар

күнделік

Тәрбие сағаттары

Сынып тазалығы

құжаттар

балл

Э.Құмарбекова

10

10

10

3

5

9

47

М.Мырзахметова

10

10

9

5

5

10

49

Қ.Ноғаева

10

10

8

7

6

10

51

М.Абдрахманова

10

10

8

2

6

10

46

Ж.Нұршекова

7

7

7

8

4

9

42

А.Құрманжанова

4

4

6

2

3

7

26

У.Өмали

0

0

7

1

4

0

12

А.Панчар

4

4

8

5

3

9

33

Б.Есіркеева

10

10

8

4

4

9

45

А.Джакупбекова

0

0

6

0

5

2

13

Қ.Түгелбаев

0

0

9

2

3

1

15


 





Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                   К.Рахимова