2022-2023 оқу жылындағы тәрбие жұмысына талдау » Көктал-арасан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктал-арасан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 39-2-83
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылындағы тәрбие жұмысына талдау
09
июль
2023

2022-2023 оқу жылындағы тәрбие жұмысына талдау

2022-2023 оқу жылындағы тәрбие жұмысына талдау


     Тәрбие   жұмысын ұйымдастыруды   реттейтін  нормативтік  құқықтық   құжаттарды  ескере  отырып, жаңа   оқу  жылында  тәрбие   жұмысын  ұйымдастырудың  басым   бағыттары қарастырылады.   Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі басымдықтар білім алушылардың  әл-ауқатын   қамтамасыз  ету,  баланың   жеке  басына  құрмет   пен сенім,  балалардың  құқықтары   мен  заңды  мүдделерін   қамтамасыз  ету,  оларды кемсітушілікке жол бермеу болып табылады.


Мазмұны

І – тарау: Нормативтік-құқықтық актілер

2 – тарау: Тәрбие жұмысын жоспарлау

3 – тарау: Тәрбие жұмысының мектепшілік бақылау кешені

4  – тарау: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу

5  – тарау: Патриоттық тәрбие

6 – тарау: Кәсіби бағдар 

7  – тарау: Оқушылардың сабақтан тыс уақыттарын қамту

8 – тарау: Ата-аналармен жұмыс

9 – тарау: Оқушылардың өзін- өзі басқаруы

10– тарау: Оқушылардың салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру

11– тарау:Сынып жетекшілер бірлестігі

12– тарау: ҮЕҰ –мен жұмыс істеу

13– тарау: Діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу

14– тарау: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін насихаттау жұмыстары

15– тарау: Педагог-психологтың директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен бірлескен жұмыс

16– тарау: Терроризмге қарсы профилақтикалық жұмыс


І – тарау: Нормативтік-құқықтық актілер

     Тәрбие   жұмысын  ұйымдастырудың  негізгі   нормативтік  құқықтық құжаттары толығымен жинақталды

2 – тарау: Тәрбие жұмысын жоспарлау 

        2022-2023  оқу  жылында   тәрбие  жұмысы  Тәрбиенің   тұжырымдамалық негіздері   шеңберінде  іске  асырылады,   оның  негізгі  идеясы   Абайдың  «Толық адам»  рухани   мұрасында  бейнеленген  үйлесімді   дамыған  адамның  ұлттық бейнесі болып танылады.


Тәрбиенің 8 басым бағыттары бойынша жүзеге асырылған іс-шаралар.

  • Бағыт: жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбиелеу

2022-2023  оқу жылының   басталуына  арналған  1   қыркүйек  Білім  күнін және   «Білімге  ұмтылу,  еңбексүйгіштік  және   отаншылдық»  тақырыбында бірыңғай салтанатты жиын өтті. 








     Білім күні білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтері арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Білімге ұмтылу,   еңбексүйгіштік  және  отаншылдық»   тақырыбында республикалық   онлайн-акциясына  1-11 сыныптар қатысты.  







      «Даналық, ізгілік және Құрмет»  тақырыбында 7-сынып оқушыларымен М.Ерген тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты:Тәрбие өнері дегеніміз –ең алдымен сөйлей білу , адам жүрегіне жол таба білу өнер.Ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын кеңейту ,логикал ық ойлау ,сөйлеу қабілетін шыңдау ,бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.Бұл тәрбие сағатынан алатыны көп ,себебі оқушы өз ойын еркін айтуға , қанатты сөздердің негізгі ойын түсіндіру,түйін сөз жазу,бүгінгі жарқын өмірді бағалау, ертеңгі өмірге сеніммен қарай саналы ұрпақ тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100050126862941/posts/pfbid0AJEUYrtg73oioy5biWqhaMqFxYYWjQRt462ZqVjcWorLovYXbZRJBgnKU8YNargWl/?app=fbl






      «Тәуелсіздікке жол - азаматтыққа және патриотизмге тәрбиелеу» тақырыбында  Ж.Нұршекова   6-сынып оқушыларымен тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты:  Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру

https://www.facebook.com/100050126862941/posts/pfbid0fbDQqmJYkV2JmbNioYAuikkSPCs9sxmaUBxucRLTz8e5L9T7iJpb7LNqCoEv5c2Sl/?app=fbl





«Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар» бағдарламасы «Дәстүр мен ғұрып» бағыты бойынша«Тəуелсіздіктің ұлы рухы – желтоқсан» тәрбие сағатын Е.Бекболатова 9-сынып оқушыларымен өткізді.Мақсаты:
 - Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
 - Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
 - Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу












       «Тәуелсіздікке жол - азаматтыққа және патриотизмге тәрбиелеу» 6-сынып оқушыларымен тәрбие сағаты Ж.Нұршекова өткізді.

Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар  бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп,  осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның 21 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру https://www.facebook.com/100050126862941/posts/pfbid04ByYBTbWw4TcieAUdY9ECEgXqtvjYv6LLL85mMVFNBTpxJCB3FvLnXKBw8gXDUG9l/?mibextid=Nif5oz









        Кеңес әскерлерінің  Ауған жерінен шығарылғанына ақпан айының 15 жұлдызында 34 жыл толуына орай «Отқа оранған он жыл» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кезесуге келген қонақтар Е.Маматұрдиев, Е.Қорабаев Мақсаты: оқушыларға Ауған соғысының қасқаша тарихын білдіру арқылы, достық, ынтымақ, б ірлік бейбіт өмірдің келуін санасына сіңіру, елжандылыққа, отанын құрметтеуге тәрбиелеу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid03nHwDBV9YQm2WQgdda9MHavDXmZred3gRN6ffXnRAefyd83Gqw39VB7E1aVLafUtl&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz






 «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді халқымыз. Бұл сөз тек айтылмаса керек.. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. 1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні қарсаңында  «Халықтар достығы –еліміздің бірлігінің кепілі»деген тақырыпта 1-4 сыныптар арасында мерекелік іс-шара өтті. Мақсаты: 1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02btUZTVPyu8funj1Vf1232B1xWWhR7pFYCiAJ1h4FCNzjQpvs8cvob2Q4SNGYECCml&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz






5-7 сынып оқушыларының арасында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай "Ерлер — жердің қорғаны, елдің тұтқасы ” тақырыбында мерекелік іс - шара өткізілді.

Іс - шараның мақсаты: ұрпақты адамгершілік - патриоттық, азаматтық жауапкершілік сезімдерін ояту, жас ұрпақты Отанын сүюге тәрбиелеу, балаларды жалпы азаматтық құндылықтарға , мәдениетке тарту

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0WKYpwBnBaLJpoWWyQgzeY4awr6hyzDt9oSgEGbkTBzkCxMPY73yeb1JPVrNXALD7l&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz






        8-11 сыныптар арасында 9 мамыр Жеңіс күніне "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды" тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02QyPhjd5BR1i9md9aZmTCtzCZ493hV4p8yaWEWb7stMRLsVuNkYLRyDfMQnduCRGol&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz


Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой-өрісін, рухани жан дүиесін байыту мақсатында «М.Әуезов және Абай» әдеби кеш 8-9 сыныптармен  У.Өмали өзкізді

.








Жандарбек Бегімбетовтей дара дарынының есімін ұлықтау мақсатында  «Жауқазындай жас ғұмыр» тақырыбында 5-7 сыныптар арасында тәрбие сағаты өтті. 

Мақсаты: Жандарбек Бегімбетов өнердегі үлгісін, мұрасын бүгінгі және кейінгі жас ұрпаққа паш ету.

Жетісу топырағынан түлеп ұшқан, есімі елге мәшһүр айтыскер ақын, сыршыл сазгер, дүлділ әнші Жандарбек Бегімбетов  танымал өнер жұлдызы қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында өзінің бірегей  талантымен ел-жұрттың мәңгі есінде қалатыны  сонымен қатар  тыңдарманның жүрегінен орын алған басқа да бірқатар өміршең әндер қалдырған.        https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02LRiELxHHwDcVsNb7pMZHGTdhcEijws1cQWyfs8FFPcDk7NTGSAsALUX6TRtUD7nhl&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz










      Қ.Ноғаева 4-сынып оқушыларымен айтыскер ақын Жандарбек Бегімбетов, ақын, жазушы, сазгер Тоқбай Исабековтың «Жұртым сүйіп оқыса жырларымды» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.                              Мақсаты: Ақынның бірегей білмесін арқау еткен естеліктер топтамасын таныстыру. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02QBUpaByofLwqDBTVaJTzGbfaWTBuPNzgTDEKzdpLiyByVj613rDywQvobYTcvnT2l&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz








2. Бағыты: Рухани-адамгершілік тәрбие
 Мақсаты: тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтарымен, нормалары мен дәстүрлерімен келісетін рухани-адамгершілік және этикалық қағидаларын, оның моральдық қасиеттері мен ұстанымдарын қайта жаңғырту туралы "Рухани жаңғыру" құндылықтары негіздерінің, оның ішінде "Құндылықтарға негізделген білім беру", "Қоғамға қызмет" жобаларын іске асыру арқылы терең түсінігін қалыптастыру.


     «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Б.Есіркеева Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуының тарихы» көрме ұйымдастырып мекте оқушыларына таныстырды. 

Мақсаты:

-  Балалармен жастардың оқуға құштар құзыреттіліктерін дамыту;

- мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналардың оқу мәдениеттіліктерін дамыту;

- отбасылық оқуды насихаттау;

- мектеп кітапханасының қорын көркем әдебиеттермен толықтыру








М.Мақатаевтың туылғанына 92 жыл толуына орай  «Есіңе мені алғайсың» тақырыбында әдеби сазды кешті  9-сынып оқушыларымен Е.Бекболатова ұйымдастырды Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың  ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл  да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету.

https://www.facebook.com/100050126862941/posts/pfbid02x3kCCNsyxH2tqFK62MnZGos4wmb5Byq4yFhB263fdQmK1332HFQZWVQDqUWEGpVJl/?mibextid=Nif5oz











«Мейірімді сөздер километрі» тақырыбында  тәрбие сағатын  3-сынып  оқушыларымен М.Мырзахметова өткізді. Мақсаты: Балалардың санасында мейірімділік, қайырым-дылық сезімдері ұғымын қалыптастыру, балаға мейірімділік сөздер айту қабілетін арттыра отырып кішіпейілдікке, бауырмалдылыққа тәрбиелеу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0Drc4NwkE5hxUYrhUsPEFkKpqdyWQaPz77gyjG4ALLw15uh6nvF6dVRftZpCJ9wwql&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz









  • Бағыты: Ұлттық тәрбие

Мақсаты: жеке тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, ана тілі және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, Қазақстан Республикасының этностары мен этностық топтарына құрмет көрсетуге бағыттау.

     «Менің тілім – менің досым» тақырыбында  5-сынып  оқушыларымен Д.Бердіқожа сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Жас ұрпақты ата-бабаларымыздыңғасырлар бойы қалыптасқан ана тілінің өресін әлемнің бай тілдер сатысына көтеру арқылы білімдерін шыңдау және тіліне, халқынадеген сүйіспеншілігін арттыру.  








    «Теңге-Қазақстанның үміті мен өмірінің символы» тақырыбында  тәрбие сағатын  Қ.Ноғаева  4- сынып оқушыларымен өткізді.  Мақсаты: Қазақстанның ұлттык ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру.

https://www.facebook.com/100050126862941/posts/pfbid0m3vYyW2y2MbyhSM7R41tms1sRbjcV2pjfa5mhHuTNXD9etSeq9P5KbJTSWyDWuYxl/?app=fbl






           «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында бастауыш сыныптар арасында мекрекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Асық ату. Бес асық қол күрес ұлттық ойындардан бастауыш сыныптарда жарыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде жарысқа қатысқан оқушылар мен ата-аналарын мақтау қағаздары тапсырылды.

https://www.facebook.com/100050126862941/posts/pfbid0hQSNk8D4bgbNxFjJfrAXMBYoLEzL3gXgYSqep9DmxudiPy1MoFdUuxW2c1NcdcpEl/?mibextid=Nif5oz



     «Төрлет, төрлет Наурыз!» тақырыбында 5-7 сыныптар арасынада мекреклік іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты:Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

https://www.facebook.com/100050126862941/posts/pfbid0MCqE1uQs3qetYrBwy9g3Kn6k9vszi3D5gxMQTEGcBNqiT4ybkQyW7QZnome1ngfdl/?mibextid=Nif5oz


«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні Наурыз» тақырыбында 8-11 сыныптар арасынада мекреклік іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты:Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзілік халықтардың Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беруХалқымыздың салт  дәстүрінәдет  ғұрыпын үйрете отырыпНаурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету .

Мерекелік іс-шарада бала тәрбиесіне атсалысып жүрген ата-аналар Мақтау қағаздарымен марапатталды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02ZDYTd5MqNsujcBqP1TZJFgpZqYuZZ6rT7KUpXAv5g8LxfkXe3Mt6Gsqx3e9baUTl&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz


4. Бағыты: Отбасылық тәрбие
 Мақсаты: ата-аналарға білім беру, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру.

      Отбасы – тіршіліктің тірегі және адамның өте маңызды, өте жауапты жанұясы, ал балалар баға жетпес байлығы екендігін дәлелдеу мақсатында 3-сынып оқушыларымен М.Мырзахметова «Менің отбасым» тақырыбында тірбие сағатын өткізді.








      Ер азаматтар мен мектеп ұлдарының ұйымдастыруымен «Арулар асыл- жандар» тақырыбында 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік кеш болды. 

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. 

Мерекелік кешке зейнеткер  ұстазымыз Ш.Сүлейменқызы  қонақ болып өзінің жүрек жарды тілегін айтты.  https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0KPYpeBT7i162CjM3QDMjLNSvhmvbHtkRXLreYb8RjLW8RaooqNdos2NbLFXLVga3l&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz






5. Бағыты: Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
 Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру, экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту.

     «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы «Үнем –қоғам қуаты» бағыты бойынша «Қоқыссыз әлем» экологиялық сынып сағатын А.Нұрбаева ұйымдастырды. Мақсаты: балалардың табиғаттағы қарым-қатынастар, табиғатты сақтау және оған көмектесу жолдары туралы түсініктерін кеңейту; экологиялық мәдениет, экологиялық сауаттылық сияқты тұлғалық қасиеттерге оң моральдық бағалауды қалыптастыруға ықпал ету; балалардың салауатты өмір салтына деген құштарлығын, табиғатты қорғау іс-шараларына қатысуға деген құштарлығын ояту









 «Эко-әлем» тақырыбында 8-сынып оқушыларымен  У.Өмали экологиялық тәрбие сағаты өткізді  Мақсаты: Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, туған жер табиғатты қорғауға баулу.Оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру; мейірбандыққа баулу, экологиялық білімдерін молайту. https://www.facebook.com/100050126862941/posts/pfbid02bpcN7KWwQaTdsSinYL3AYQPpZ9GpkCjbhiB9ePubSPbJBp4ds3h5o8E5E1SeCQzhl/?mibextid=Nif5oz


6. Бағыты: Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
 Мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық, оның ішінде балалардың кибермәдениеті мен кибергигиенасы бойынша мәдениетті дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.

Көктал-Арасан орта мектебінің оқушылары 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр Ұлы Жеңіс Күніне орай жүрек жарды құттықтаулары жеткізді.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02Ygps5xDpwhft9zix4iJWWeNKQSVRgnB3i7XJVAst3YamQUPafuHJKVu1ExkcMsxel&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz 

      Отбасы – тіршіліктің тірегі және адамның өте маңызды, өте жауапты жанұясы, ал балалар баға жетпес байлығы екендігін дәлелдеу мақсатында 3-сынып оқушыларымен М.Мырзахметова «Менің отбасым» тақырыбында тірбие сағатын өткізді.








7. Бағыты: Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие
 Мақсаты: Жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның өнер мен шынайылыққа эстетикалық объектілерді қабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту, оның ішінде "Ұшқыр ой алаңы" мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы" жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру арқылы білім беру ұйымдарында полимәдени орта құру.

«Жол қозғалысы Ережелері – біздің достарымыз» тақырыбында   4-6 сыныптар арасында Ж.Нұршекова суреттер байқауын ұйымдастырды. 

Дебаттық клуб

«Ақиқат» және «Парасат» топтарының арасында «Әлеуметтік желіде отырып жастар не ұтады?» тақырыбында дебаттық пікірталас ойынын клуб жетекшісі Д.Бердіқожа ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқушыларды өз ойларын тиянақтай білуге, сахнада өздерін сабырлы әрі тіртіпті ұстауға ескеріп қарсыластарын тыңдай білуге баулу. Оқушыларды өз көзқарастарын білдіруге, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Дебаттық ойында оқушылар сұрақ-жауап, ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіріп өз ойларын дәлелдеп шықты.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02n2jevqRFMtTSUaHSD2QTeaKZaG6BSpcezbcknJvMQq8MnTQqZLNuejDDVyqfwW2Nl&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz












      9-сынып оқушылары арасында «Адамның мүмкіндігі шектеусіз бе?» деген тақырып аясында дебаттық ойын өткізілді. Мақсаты: Белгілі бір актілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу. 

  • Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып- толғануға көмектесу
  • Өз көзқарасын  айтуға машықтандыру
  • Оқушының қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0p4P9E13b4Tm7zivdxYsoJdEcLef8dQt6fMZ3VExJ1LCoJ3q7ipmnJn62sXQXSMiKl&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz







8. Бағыты: дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
 Мақсаты: Салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтауды білу үшін кеңістік құру.

«Сұлулық және денсаулық» тақырыбында тәрбие сағтын  4-сынып оқушыларымен  Қ.Ноғаева   ұйымдастырды. Мақсаты: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық салауатты өмір салты екенін ұғындыру.   https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0GSjK8tSQzKzjedPtsp4QwxuUMGrWETJKHJUuza6X8PmWG6y2QsE4M63CZXBc6B2fl&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz






Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне мектеп мұғалімдері және оқушылар арасында валейболдан жарыс ұйымдастырылды.Мақсаты: қстаздар мен оқушылар арасында өз-ара ойын шеберліктерін жетілдіру, валейбол ойынына деген қызығушылықтарын арттыру. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02gLB7TEhgSsQPuv9k2Hdjx6JL7bUL3gfz3Y1exBXt2t6SoW5cSZtFzFPhVgu6G1Kwl&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz







    «Спорт- денсаулық кепілі» тақырыбында оқушылар арасында эстафеталық сайыс ұймдастылыды. Мақсаты: салауатты өмір салтын оқушылар арсында кеңінен насихаттау. Оқушыларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Эстафеталық ойын 7 турдан құралған. Жеңіске жеткен топтар мақтау қағазымен марапатталды. 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0eqnq89c7Y3PhNw14yJ7Q3u5m9NcCFvAg5WfHpUJ56H2Ju4Dt2i8RxNyjrxUceYNJl&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz







    1-4 сыныптар, 5-11 сыныптар арасында тері жұқпалы ауруларының бірі қышыма қотыр (чесотка) жайында мектеп мейірбикесімен кездесу ұйымдастырылды.  Тері жұқпалы ауруларының таралу жолдары және алдын алу шаралары туралы презентациялық сабақ өткізілді.  4-11 сыныптарда диктант жұмыстары алынды. Сондықтан тиісті тазалық талаптарын сақтау қажетігі туралы ескертілді.   Қышыма, дерматомикоз сырқатын жұқтырмау үшін манадай қарапайым жалпы гигиеналық ережелерді орындау қажет:

  • әрбір 5-6 күн аралығында моншаға түсіп жуыну;
  • төсек жаймаларын жиі – жиі ауыстырып, оларды жуып, үтіктеу;
  • әр адамның жеке сүлгісі және басқа да тұтыну заттарының болуы;
  • үйге келеген соң міндетті түрде қолды сабынмен жуу;
  • жаңадан сатып алынған киім – кешекті, және төсек жаймаларын міндетті түрде үтіктеу;
  • жан – жануарлармен қарым – қатынаста болғаннан соң қолды мұқият жуу;
  • сау адамдарды, аурудан оқшалау;

https://www.facebook.com/100050126862941/posts/pfbid035U3hoyW6du7m89YjRvqBbTomca5RSPU8D1eL675zmtpGEJgwg61C1haithyjdbbRl/?mibextid=Nif5oz





     Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез- құлықтың алдын алу бойынша   Кешенді жоспарының жүзеге асырылуы мақсатында атқарылған іс-шаралар

Суицидтік әрекеттерге итермелейтін интернет сайттарға кірген кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында әр айдың соңында сынып жетекшілер тарапынан тексеру жүргізіліп, анықтама жазылып, маниторингі талап еткен орынға жіберіледі. 


Балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасындағы суицидтік әрекеттердің алдын алу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған Кешенді жоспарының жүзеге асырылуы мақсатында атқырылған іс-шаралар

Мектептің аумағы  шеңберіндегі бейнебақылау  жүйелері  мектепте жалпы камера саны- 15. Іште-10 камера, сыртта-5 камера. Камера түрі- сандық (цифравой).  Жазба 30 күн сақталады. 1 монитор бар. Мониторда-16 камера орнатылған.  Істен шыққан сырттағы 1 камера  

Мектептің ішінде :

І қабаттың дәлізінде-3

Асханада-1

ІІ қабатың дәлізінде- 3      

Физика-1

Математика кабинеті -1

Алғашқы әскери дайындық кабинеті-1

Мектепте 15 камера істеп тұр.

      Бүкіл Дүниежүзілік Халықаралық Азаматтық Қорғаныс ұйымы Бас Ассамблеяның бұрыштамасына сәйкес «Тұрақты даму тұрғысынан Азаматтық Қорғаныс және зілзалалар қатерін азайту» тақырыбында жарияланған 1 наурыз Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күніне орай  АӘТД оқытушысы- ұйымдастырушысы О.И.Иманбековтің ұйымдастыруымен төтенше жағдайларға байланысты арнайы оқу-жаттығу өткізілді. Оқу – жаттығуға мектептің мұғалімдер ұжымы, техникалық кызметкерлер, оқушылар түгел қатыстырылды. Мектеп директоры төтенше жағдайларға байланысты өткізілетін іс –аралардың өзектілігі туралы түсіндіріп өтті.

https://www.facebook.com/100050126862941/posts/pfbid02xx4usa2eUCGabYAJL8erUprP4R9s1twp3KKmJA9AzgfZyeJUpKCoQoUbaSVh2Tgtl/?mibextid=Nif5oz











Зұлымдықты, зорлық-зомбылықты,  өзіне-өзі  қол   жұмсауды,  порнографияны  есірткі заттарын, психотроптық  құралдарды   насихаттайтын   интернет-ресурстарын бақылау маниторингін сынып жетекшілер және информатика пәнінің мұғалімі Қ.Зинал бақылап ай сайын кестесін шығарып отырады.  

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда мектеп ғимаратынан қауіпсіз орынға көшіру бойынша практикалық жаттығулар (оқу эвакуациясы),  арнайы өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелерімен таныстыру тоқсан сайын  АӘД пәнінің оқытушысы О.Иманбеков өткізіп отырады. 





8-11 сыныптар арасында  адам денесіне жарақат салатын суық қарулар жайлы әңгіме өткізілді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру.






    Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері мен мақсаттарын ұғындыру мақсатында қорғаныс – жалпы мемлекеттік қорғану іс-шаралары және оның міндеттерінің жүйесіндегі құрам-бөлік, шаруашылық нысандарын (оқу орындары) азаматтық қорғаудың ұйымдастыру құрылымы, әскери емес азаматтық қорғаныс, олардың атқаратын қызметі және жабдықталуы туралы  9-11 сыныптар арасында  сабақ өткізілді.






2019-2023 жылдарға арналған кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың, тұрмыстық зорлық -зомбылықтың және балаларға қатыгездікпен қараудың алдын алу және профилактикасы бойынша 

        Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Біздің ата- бабаларымыз «тәні саудың — жаны сау» немесе «бірінші байлық-денсаулық», — деп бекер айтпаған. «Тәуекел тобына», мектепішілік  есепке алынған балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында спорттық ойын алаңы А.Нақысбеков ұйымдастырды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02YDFjGogyixTUNvF24tosJvHMUpArbk2yJ1oG1vRnrzMcBSDWrrGE8bkqETgMs5Jel&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz






    «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында бастауыш сынып жетекшілері тәрбие сағатын  өткізді. Тәрбие сағатына ата-аналар шақырылды. Ата-аналар отбасының құндылықтары туралы оқушыларға айтып өтті. Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу. Баланың жан - жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата - анасын, жора - жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау. https://www.facebook.com/100050126862941/posts/pfbid035ATZ5jBDDJbGLAFLraLHiMpaXToNTeAf6ccrFMK75HGefZuZVsCjP9U2uwQKarzhl/?mibextid=Nif5oz




Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу

2022 жылдың 21 қырқүйек күні «Көктал-Арасан орта мектебі мектеп жанындағы 50 орынды интернатымен» КММ 8-11 сынып оқушылары және мұғалімдері арасында құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесу жиыны болып өтті.

Қатысқандар 8, 9, 10, 11 сынып оқушылары

Панфилов АПБ-нің ЖПҚБ ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Нұрлаби Талшын Нұрлабиқызы.







2022 жылдың 16 қараша күні «Көктал-Арасан орта мектебі мектеп жанындағы 50 орынды интернатымен» КММ 8-11 сынып оқушылары және мұғалімдері арасында құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесу жиыны болып өтті.

Қатысқандар 8, 9, 10, 11 сынып оқушылары

Панфилов АПБ-нің ЖПҚБ ювеналды полиция аға лейтенанты –Н.Н.Бейсенбаев 









2023 жылдың 18 қаңтар күні «Көктал-Арасан орта мектебі мектеп жанындағы 50 орынды интернатымен» КММ 8-11 сынып оқушылары және мұғалімдері арасында құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесу жиыны болып өтті.

Қатысқандар 8, 9, 10, 11 сынып оқушылары

Панфилов АПБ-нің ЖПҚБ   ЮПТ УПИ полиция аға лейтенаты Турсынов Тимур Қурманжанович







2023 жылдың  22 ақпан күні «Көктал-Арасан орта мектебі мектеп жанындағы 50 орынды интернатымен» КММ 8-11 сынып оқушылары және мұғалімдері арасында құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесу жиыны болып өтті.

Қатысқандар 8, 9, 10, 11 сынып оқушылары

Панфилов АПБ-нің ЖПҚБ   ЮПТ УПИ полиция аға лейтенаты Турсынов Тимур Қурманжанович








2023 жылдың  14 сәуір күні «Көктал-Арасан орта мектебі мектеп жанындағы 50 орынды интернатымен» КММ 8-11 сынып оқушылары және мұғалімдері арасында құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесу жиыны болып өтті.

Қатысқандар 8, 9, 10, 11 сынып оқушылары

Панфилов АПБ-нің ЖПҚБ   ЮПТ УПИ полиция аға лейтенаты Турсынов Тимур Қурманжанович









Патриоттық тәрбие

    Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту мақсатында Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында тәрбие сағатын 3-сынып М.Мырзахметова.







    "Ғасыр әншісі - Роза Бағланова" тақырыбында танымдық тәрбие 6-сынып Ж.Нұршекова сағаты өткізілді.
 Мақсаты: Қазақ халқының әншісі Роза Бағланованың өмірі мен шығармашылық тарымен таныстыру. Роза апамыздың соғыс кезіндегі ерлермен бірге қиындықты көрсе де,әнімен көңілдерін жұбатқан.Қазақтың бұлбұл әншісін ұрпақтан-ұрпаққа паш ету.

Мұхтар Әуезовке 125 жыл толуына орай М.Ерген 7-сынып оқушыларымен тәрбие сағатын өткізді. 

Мақсаты: Білімділік: Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен жазушылық қызметінен, шығармашылығынан мағлұмат беру.Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу,ой-өрісін , рухани жан дүниесін байыту. Ойын ашық білдіру, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Әлем таныған Әуезовтың ұлылығын дәріптеу. Қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге, оқушыларды елін сүюге, әдебиетті білуге тәрбиелеу.














Кәсіптік бағдар беру 

     «Кәсіптік мамандықтар сыр шертеді» тақырыбында жеке кәсіпті таныстыруға бағытталған негізгі бағыттар бойынша 8-10 сыныптарға  презентациялық сабақты  Қ.Зинал ұйымдастырды.

    Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, кластары, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру.

    Міндеттері:

  • Жеке тұлғаның кәсіптік мамандықтарды таңдаудың негізгі типтері мен  факторлары туралы түсінік беру
  • Кәсіптік бағдар беру
  • Кәсіптік білім берудің құрылымымен таныстыру
  • Кәсіптік мамандықтарға деген ынта- ықыластарын анықтау және т.б.

   Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керектігі жайында оқушылар өз ойларын ортаға салды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02T7q3Amah8puKgbt8fpxKDN46zSsRFuAhshLVhkfeT5mxpv1yzoW6BKNgDwKhyCPml&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz


   "Мен мамандықты таңдаймын" ақпараттық материалдар түрлы мамандық туралы ақпараттыр бұрышы жасалды. 9-11 сынып оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 






Діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу

     Оқушыларға қылмыс ұғымын және түрлерін, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құқықтың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар – намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы түсіндіру мақсатында  «Заң және жауапкершілік» тақырыбында 

 5-сынып оқушыларымен тәрбие сағатын Д.Бердіқожа өткізді.







     «Адастырушы діни ағымдар» тақырыбында  6-сынып оқушыларымен тәрбие сағатын  Ж.Нұршекова өткізді . Мақсаты: Қазіргі кезде қоғамымызды, адам санасын улап жатқан діни ағымдардың саны уақыт өткен сайын көбейіп барады. Олардың қаншама біз білмейтін түрлері бар. Сонымен қатар оның адам санасына, өміріне деген қаншалықты зиян келтіріп жатқанын көптеп естіп жүрміз. Міне осы діни ағымдар туралы оқушыларға мәлімет бере отырып, біздің мұсылман дінімізде оларды қолданудың, қабылдаудың зияны мен күнәсі көрсетілген. Осы адастырушы діни ағымдар туралы оқушыларға мәлімет беру, біле отырып, олардан аулақ болуды түсіндіру.








    «Дін. Саясат. Атеизм» тақырыбында  8-сынып У.Өмали дөңгелек үстел  өткізді.

Мақсаты: Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу.Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан жақты талдап,жастарға ой салу.Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға,мейірімділікке,патриотыққа тәрбиелеу. Дөңгелек үстелге қатысып оқушылар өз ойларын ортаға салды.

https://www.facebook.com/100050126862941/posts/pfbid02Zeu2KTuXMALzF5cn5NwefR81JKmVeanqrAtZUDE8abjLiY9pZCrZ6XHnsozcBJw3l/?mibextid=Nif5oz






     «Ислам дініндегі әйел мәселесі» тақырыбында  9- сынып оқушыларымен дөңгелек үстел Е.Бекболатова  ұйымдастырды. Мақсаты: Ислам дінінде әйел адамдарды қадірлеу мәнісі туралы тұшымды мәлімет беру. Әйел адамдарға құрметпен қарауға, сыйлауға тәрбиелеу. Дөңгелек үстелге шақырылған қонақтар ауыл ақсақалы Сейтжапар ата,  тарих пәнінің мұғалімі А.Рахалиева, «Еркеназ» қыздар ұйымының жетекшісі Қ.Ноғаева қатысып өз ойларын ортаға салды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0K1aywmcwENzMXNapHEXLiGdfUwAiKGBE5Zb19unENDUJMtLbinySGUHURMz6nDd5l&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz

«Жасөспірім және әртүрлі діни секталар» тақырыбында 7-сынып оқушыларымен   тәрбие сағатын М.Ерген өткізді. Мақсаты: Білімділік – ислам діні туралы, мұсылмандықтың бес парызы туралы ұғындыру, имандылық туралы түсінік беру, ойлау қабілеттерін шыңдау, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.











Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін насихаттау жұмысының жұмыс жоспары

    «Шындық, бейбітшілік, үміт рәміздері» тақырыбында  тәрбие сағаты 8-сынып оқушыларымен У.Өмали ұйымдастырды. 

Мақсаты: Тәуелсіз мемлекетіміздің туымен, елтаңбамен танысып, олардың әрқайсысының өзіндік шығу тарихын және ұлттық ою- өрнектің қазақ халқының өмірінде алатын орнын айрықша түсініп, осы Туымызбен Елтаңбамызды құрметтеп, қадірлеп, отанымызды сүюге тәрбиелеу.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid028ngRkP9WxyFtfQXyzByzB9Nud7ZGLeKcmZCW3ejKNokEMnskGmvgX9ZYKAY93fXyl&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz

«Ерліктің нышаны – ерліктің белгісі»  тақырыбында 3-сынып  оқушыларымен тәрбие сағатын М.Мырзахметова  өткізді. Мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Отанды сүюге және ерлікке, бірлікке, ел тарихын білуге тәрбиелеу.  https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02doWJM46MeVY8KvnR5HoTEW5n832YAbeQMaegYCiQiEp5vTnmiPhwTaHn5MjqfJyul&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz








«Көк байрағым» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы. 5- сынып оқушылар арасында  Д.Бердіқожа  өткізді.

Мақсаты:Тәуелсіздіктің қарсаңында оқушыларды отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.








Қыздар жұмысы

     "Еркеназ" қыздар клубының жетекшісі Қ.Ноғаева және клуб мүшелері «Қыздың ары – ұлттың ары!» тақырыбында сырласу кешін ұйымдастырды.

Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани байлығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру. Сырласу кешіне Сақатай Шалтабайқызы, Шекербану Сұлейменқызы, Хадиша апа, Зейнехан апайлар қатысты. Қыздар қоғамда болып жатқан өзекті мәселелер жайында сұрақтарын қойып қыз бала тәрбиесі жайлы мағлұматтар алды

https://www.facebook.com/100050126862941/posts/pfbid02EVuJBFi3MzfitNAZb6kvS5c35u7D2qutBQs6h9Xrssz7Ci5iccYgMD8HgmgurYVAl/?mibextid=Nif5oz



Жалпы мектепте қыздар, ұлдар жұмысы жүргізілуде. Айына 1 рет түрлі тақырыптарда  жиналыстар өткізіледі. 






Ата-аналармен жұмыс

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ата-аналарға түсіндіру жұсытары жұргізілді.
 1. Оқу ағарту министрлігінің ата-аналарға жолдаған үндеуі. Жасөспірімдер арасындағы орын алап жатқан келеңсіз жағдайлардың алдын-алу
 2. Жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында, көшеде заңды өкілінсіз жүруі. Сабақтан кейінгі уақытының дұрыс ұйымдастырылуы. Бала өмірінің қауіпсіздігі
 3. Жазғы сауықтыру. Жалпы оқу қорынан сыртқы лагерьге баратын әлеуметтік санаттағы балалар туралы
 4. Психологтың кеңесі/ Ата-аналарға тренигтер бала тәрбиесіне қатысты  
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid08AuB8KqjBBPLh8p6eWo67Sehy4MMZrZHSZTwDTPs8D4Xr2BSMQR4LcThEgXkDqTsl&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz






Терроризмге қарсы профилақтикалық жұмыс


Терроризм актісінің қауіпі туындағын немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы оқу- жаттығулары өткізілді. Оқу-жаттығуына 90 оқушы, 45 мектеп мұғалімдер мен қызметкерлер қатысты. Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда қандай іс- әрекет көрсету керектігі жайлы айтылды. 

https://www.facebook.com/100050126862941/posts/pfbid0Cz4Aw73znwQP13EGLurftk4yD1FzMDEAaDUHts7kgGhnbX6QEM51JzFHpsW1aLoYl/?mibextid=Nif5oz


Адал ұрпақ-еліміздің болашағы

"Адал ұрпақ-еліміздің болашағы" атты акция барысында 9-10 сынып оқушыларымен "Адал ұрпақ-ұлт болашағы" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 

Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру;

Адалдық,шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету;

Адал,шыншыл болуға тәрбиелеу.

Мақсаты: Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02CiL3DAkVMcF4meEMWGaaVKC68g9ABghrKjbQnC7tCczK6oZZte2vZYnw2v9FGA5Hl&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz



"Адал ұрпақ-еліміздің болашағы" атты акция барысында Бастауыш сыныптар арасында  "Адал ұрпақ- ұлт болашағы" тақырыбында  сынып сағатын өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға өмірде ата - анаға, досқа адал бола білуге баули отырып, әр адамның адал ісі мен адамдығы көрінетінін білуге тәрбиелеу.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0d5mPuuCXcD5FKsVPfcKk57c56jRqqa7McyqX1QoKdQjqgWVrtbZyAvaw2g2h7jdl&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz






     "Адал ұрпақ-еліміздің болашағы" атты акция барысында 5-7 сыныптар арсында "Адалдық- ардың ісі" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларға адам бойындағы адалдық пен сенім құндылықтарының маңыздылығын насихаттай отырып, адалдық қасиетінің құндылықтары парасаттылыққа, әділдікке, турашылдыққа, сенімділікке баулу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid026S7XZGi7F5ANvYZ6zWaCKncQ149kHNJiRDA5EP9MCVtQ7ioZy7mD8a7dQXkmencDl&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz


Кітапханашы Б.Есіркеева 7-сынып оқушыларымен "Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен" тақырыбында көрме өткізді. Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.

Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту

Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптасады








«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»  атты тақырыпта өткізілген іс-шаралар

Мақсаты: 

- Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
 - Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
 - Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

12-15 желтоқсан аралығында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»  атты тақырыпта өткізілген іс-шараға 1-11 сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты. 

    «Тәуелсіз-елдің ұрпағымыз» тақырыбында 3-сынып оқушыларымен М.Мырзахметова сынып сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларға ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту. Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге тәрбиелеу. Сынып сағатында Тәуелсіз-елдің ұрпағымыз тақырыбында слайд көрсетілді. «Ойлан тап», «Сөзжұмбақ» ойындары кқрсетілді. 

https://www.facebook.com/100050126862941/posts/pfbid029UHt5K99ziYK2kcFE8dHRzPJMGYhzGJwzeGkexAgnn3hCLw9Roxc435cQaQeJPd1l/?mibextid=Nif5oz






    «Тәуелсіздік азаттығым, бақ күнім!» тақырыбында 2-сынып оқушыларымен Э.Құмарбекова сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.

https://www.facebook.com/100050126862941/posts/pfbid0uUY3jXg4JYuKxwS9Cw4YnwfUFZXhe9qbG1xzK7gy2DUVEZCHn4abVfp7QRGdaCApl/?app=fbl







Мектеп кітапханашы Б.Есеркееваның ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік - тұғырым" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Көрме барысында "Тәуелсіздік - тұғырым" баяндамасы оқылып, көрмеге қойылған кітаптар таныстырылды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. 

Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

https://www.facebook.com/100050126862941/videos/886547385695363/

     «Тәуелсіздікке жол - азаматтыққа және патриотизмге тәрбиелеу» тақырыбында Ж.Нұршекова 6-сынып оқушыларымен тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты: Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндір

https://www.facebook.com/100050126862941/posts/pfbid05aLgZryKWYW42BykFRWY4DRGnrfzEHh2bkhD2L3YUXqateAe6uXh67CqZwPAg9h4l/?app=fbl






«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»  атты тақырыпта Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына бүлдіршіндерімізді қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.

https://www.facebook.com/100050126862941/posts/pfbid038C95j8Fj5UK9NpNn2LCXazV8xa6VZJDhM1ztKTsTPpapGMsuFeePCUa5jpcMBMhVl/?app=fbl


25 қазан Республика күніне орай «Әкем шешем және мен – біз спорттық отбасы» атты отбасылық жарыс ұйымдастырылды. Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, отбасыларды спортпен белсенді айналысуға шақыру. Жарыс 6 бөлімнен тұрады. Жеңіске жеткен отбасыларын мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапаттады.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02rA9FkCJZSninArrraJyASX285kh9geUyPyHHxccsoSnC4Lar29hFKfenH4mYihK6l&id=100050126862941&mibextid=Nif5oz










Директордың тірбие ісі жөніндегі орынбасары                    К.Рахимова